Есен Елеукеннің анасы өмірден өтті
Жарияланған күні:

"Жайдарманның" бұрынғы басшысы Есен Елеукеннің отбасында қайғылы жағдай орын алды. КВН жанашырының анасы өмірден өтті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Есен Елеукен қаралы хабарды WhatsApp желісі арқылы жеткізді.
"Жайдарманның" бұрынғы басшысы анасымен түскен суретін жариялап, "Қош бол, анашым" деген жазба қалдырды.

KAZ.NUR.KZ ұжымы Есен Елеукен мен оның отбасына қайғыра көңіл айтады.
Еске сала кетейік, бұған дейін 21 қазан күні Қазақстандағы танымал жастар жобасы "Жайдарманның" басшылығы ауысты. Жобаның жаңа атқарушы директоры болып Жанасыл Болатбек тағайындалды.
"Жайдарманның" бұрынғы басшысы Есен Елеукен қызметінен кетуіне қатысты пікір білдірді. КВН жанашыры басшылықтан кеткенімен жобаны өзі жүргізе беретінін айтты.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/incidents/2203980-esen-eleukenning-anasy-omirden-otti/
Жарияланымға реакцияңыз?
Пікірлер жүктелуде