Әнші Ернар Айдардың әкесі өмірден өтті
Жарияланған күні:
Қазақстандық танымал әнші Ернар Айдардың әкесі дүниеден өтті. Бұл жөнінде KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Қаралы хабарды өнер иесі өзінің Instagram-дағы жеке парақшасында жариялады.
"Сене алар емеспін. Әкешім, Алла алдыңыздан жарылқап, жәннатты нәсіп етсін! Соңғы сурет..." - деп жазды әнші.
Әншіге өнердегі әріптестері мен желі қолданушылары көңіл айтып, сабыр тілеген:
"Ернар бауырым, қазаның арты қайырлы болғай. Асқар тау әкең құлағанмен, артыңда арқа сүйер, өнеріңді қолдаған елің бар. Есейді деген осы, еңсеңді көтер, бауырым. Алла сабыр, қайырлы ғұмыр берсін! Қайғыларыңа ортақпын, інім", - деп жазды әншінің өнердегі ағасы Нұрлан Өнербаев.
"Қазаның арты қайырлы болсын, жаратқан жарылқасын, қайғыңа ортақпыз, бекем бол", "Арты қайырлы болсын! Әкеңіз өте жақсы кісі еді", "Иманды болсын! Алла алдынан жарылқасын" - деп жазған желі қолданушылары.
KAZ.NUR.KZ әншіге және отбасына әкесінің қазасына байланысты көңіл айтады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2206313-anshi-ernar-aidardyng-akesi-omirden-otti/