jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Камераға түсіп қалыппыз": Асқар Жұмабектің жаңа фотосы желіде қызу талқыға түсті

    Асқар Жұмабек
    Асқар Жұмабек. Фото: Instagram/askarzhumabeqov

    Жақында бостандыққа шыққан актер Асқар Жұмабек желіде жаңа фотолар жариялап, елдің қызу талқысын тудырды. Көпшілік өнер иесі аталмыш кадрларды қайда жасағанын біле алмай әлек болған, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Асқар Жұмабек бостандыққа шыққалы Instagram-дағы парақшасында белсенділік танытып, оқырмандарын жаңа суреттермен жиі қуантуда. Бұл жолы өнер иесі көпшілікті тіптен ойландырып қойды. Актер белгісіз жерден суреттер жариялап, елдің қызу талқысын тудырды.

    Кадрларда Асқар Жұмабектің жабық бөлмеде бейтаныс ер адаммен бірге отырғанын көруге болады. Өнер иесі қасындағы азаматтың түрін жауып қойған.

    "Байқаусызда камераға түсіп қалыппыз ғой, - деген жазба қалдырды ол.

    Желідегілер бұл фотоларды бірден қызу талқылап, оған қатысты түрлі пікірлер білдірді.

    "Ер жігіттің басына не келіп, не кетпейді. Бастысы сынбау", "Өткінші өмір сынақ. Бұл күндерің артта қалсын", "Қайда түскен?", "Осы фотоларды күттік", "Ең бастысы басқа камераға түсіп қалмаңыз", "Каптерка ма?", "Зонадағы бауырлар ма?", "Түрмеден веб-сериал шығып кетпесін", - деп жазды оқырмандар.

    Айта кетейік, танымал актер былтыр қазан айында ұсталып, Алматы қаласындағы №2 Бостандық ауданы сотының шешімімен сотталған болатын.

    2022 жылдың 28 желтоқсанында Алматы қаласындағы караоке-барлардың бірінде қонақтар мен мекеме қызметкерлері арасында жанжал шығып, оның соңы төбелеске ұласқан. Оның ішінде белгілі актер Асқар Жұмабек те болған.

    Соттың шешімі бойынша, оған бұзақылық жасады, адамдардың денсаулығына қасақана ауыр және орташа зиян келтірді деген айып тағылған еді.

    2024 жылдың желтоқсан айында актер бостандыққа шығып, отбасына оралды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.