jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Бекер соттасыппын": Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболхан Шараповпен болған жағдай туралы айтты

    Ләйлә Сұлтанқызы
    Ләйлә Сұлтанқызы. Видеодан кадр: Youtube/Dina Tolepbergen

    Отандық танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы белгілі әзілкеш Нұрболхан Шараповпен болған даулы жағдайға қатысты пікір білдірді. БАҚ өкілі әзілкешпен соттасқанына өкінетінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ләйлә Сұлтанқызы Шараповпен арада болған келіспеушілік өршіп, сотқа дейін жеткеніне өкінетінін жасырмады. Сөзінше, бұл жағдай екеуінің ақылға келіп, уақытылы басыла алмағандығынан туындаған.

    "Нұрболханмен бекер соттасыппын. Қазір соны түсініп отырмын. Ол бала да эмоцияға беріліп, менде де сондай жағдай болды. Кіші болып ол тоқтамады, үлкен болып мен де тоқтамадым. Біздің ақымақтығымыз осы болып тұр. Ол елдің көзінше де, былай да кешірім сұрап жатыр. Шын айтса сол жағдай үшін ұяламын. Былай қарасаң болмашы дүние үшін қырық пышақ болдық. Сол кезде сәл эгом басымырақ болды. Қытығыма тиді", - деді Ләйлә Сұлтанқызы "Din Dina Show" бағдарламасында.

    "Бекер соттасыппын": Ләйлә Сұлтанқызы Нұрболхан Шараповпен болған жағдай туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.