jitsu gif branding logo appbranding logo app
Шоубиз

    "Сүйінші": актер Жанболат Найзабековтің бесінші перзенті дүниеге келді (видео)

    Жанболат Найзабеков
    Жанболат Найзабеков. Видеодан кадр: "Қызық Live" бағдарламасы

    "Өнер қырандары" театрының актері Жанболат Найзабековтің отбасында қуанышты жағдай орын алды. Өнер иесінің бесінші перзенті дүниеге келді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Сүйінші хабарды жұлдызды әкенің өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Әзілкеш оқырмандары үшін видео жариялап, қуанышын бөліскен.

    2025 жыл актердің отбасы үшін қуанышты жаңалықтан басталған. Жұлдызды отбасы ұл баламен толыққан.

    "2025 жылдың ең күшті жаңалығын айтайын ба? Менің бесінші перзентім дүниеге келді. Сүйінші! Аллаға сансыз шүкірлер мен мадақтар. Аллаға шүкір. Достар, ұлды болдым. Құттықтап қойсаңыздар болады", - деді Найзабеков.

    Айта кетейік, өнер иесінің дүние есігін енді ашқан сібиден бөлек тағы үш қызы мен бір ұлы бар.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.