jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Редактор

    "Қартайғанша сахнада жүргім келмейді": Ердос Қанаев өнерден кетуге қатысты ойын айтты

    Ердос Қанаев
    Ердос Қанаев. Видеодан кадр: Youtube/Urpaq Podcast

    "Жігіттер" квартетінің әншісі Ердос Қанаев өнерден кетуге қатысты пікір білдірді. Шоу-бизнес жұлдызы 50 жасында өзін сахнада көрмейтінін айтты, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Ердос Қанаев "1001 түн" бағдарламасында қонақта болып, өнердегі болашағына қатысты ойын айтты. Әнші қартайғанша сахнада жүрмейтінін кесіп айтты. Ол уақыт келгенде өнерден кетуге ниетті екенін жекізді.

    Өнер иесі кәсіпкерлікке бет бұрғысы келетінін де айтып қалды.

    "50 жасқа Алла жеткізсе, сақал-шашым ағарып, қартайғанша сахнада жүргім келмейді. Биыл 40 жасқа толдық, бір жағынан қарасам, Заттыбек, Сәкен ағаларымыз 50 жасқа толып жатыр, жап-жас. Сол кісілерге қарайсың да, әлі уақытымыз бар екен деп ойлап қоямыз. Бірақ 40 жас - ақыл тоқтататын жас, бұған дейін мен бірнәрсе сұрасам, өзім үшін сұрайтын едім. Мәселен, дүние берші, намазымды реттеші. Ал адам 40 жасқа келген соң, өзіңе емес, елге пайда тигізсем екен деп ойлайды екенсің. Шынымды айтсам, өзімді кәсіпкерлік жолда сынағым келеді. Бір жағынан, ағартушылық жолдан көріп, жастарға мұра қалдырғым келсе, екінші жағынан кәсіп иесі болып, сол арқылы халыққа пайдалы дүние шығарсам", - деді Ердос Қанаев.

    "Қартайғанша сахнада жүргім келмейді": Ердос Қанаев өнерден кетуге қатысты ойын айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.