Зектілері

Жахан Отарғалиев үшінші мәрте шаңырақ көтерді (видео)

Жарияланған күні:

Жаһан Отарғалиев
Жаһан Отарғалиев пен қалыңдығы. Видеодан кадр: instagram.com/zhahan_utargaliyev/

Қазақстандық продюсер, актер әрі шоумен Жахан Отарғалиев желіде сүйінші жаңалығын бөлісті. Актер жаңа қалыңдығымен мешітте неке қию рәсімінен түсірілген видеосын жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Актер Жаһан Отарғалиев әнші Балжан Бидашпен ажырасқан соң араға бір жарым жылға жуық уақыт салып, үшінші мәрте шаңырақ көтерді.

"Бұл – жаңа өмірдің бастамасы", - деп жазды Жаһан Отарғалиев Instagram-дағы парақшасында.

Қалыңдықтың кім екені әзірге белгісіз. Бейнежазбада Жаһанның жаңа қалыңдығының бет-жүзі бүркелген.

Айта кетейік, актер осымен үшінші мәрте үйленіп отыр. Соңғы рет ол 2023 жылдың жазында әнші Балжан Бидашпен ажырасқаны туралы ресми мәлімдеген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/2212142-zhahan-otargaliev-ushinshi-marte-shangyraq-koterdi-video/