Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2 шілдеден бастап "Жаңа Өрмекші адам" қазақша сөйлейді (видео)

Опубликовано:

"Новый Человек Паук" - "Жаңа Өрмекші адам" фильмінің көшірілген қазақша нұсқасы 2- ші шілде күні Астанада алдын ала көрсетілімі болады, деп хабарлайды "Болашақ" Қауымдастығы баспасөз қызметі.

2 шілдеде сағат 15-40 Астанада "Новый Человек Паук" фильмінің қазақша нұсқасы "Жаңа Өрмекші адам" кезекті блокбастерінің қайырымдылық көрсетілімі болады. Ол Columbia Pictures студиясында жазылыпты деп хабарлайды BNews.kz.

"Жаңа Өрмекші адам" - "Қара киімділер 3" фильмінен кейін қазақ тілінде сөйлеген екінші фильм. Ал жалпы отандық кинотеатрларда мемлекеттік тілде көрсетілетін төртінші өнім болмақ", деп хабарлады қауымдастықтан. Фильм еліміздің барлық кинотеатрларында 5 шілдеден бастап қазақ және орыс тілдерінде қатар көрсетіледі.

Жобаның ұйымдастырушылары "Болашақ" қауымдастығы, "MARWIN" компаниясы және "Damu logistics" АҚ. Ұйымдастырушылар үшін "Жаңа Өрмекші адам" фильмі мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейтуге арналған төртінші жоба болды" деп көрсетеді қауымдастықтың баспасөз қызметі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/222440-2-shildeden-bastap-zhana-ormekshi-adam-kazaksha-sojlejdi-video/

pixel