Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанның ең сәнді танымал адамдары (фото)

Опубликовано:

Бүгін назарларыңызға NUR.KZ интернет-порталының нұсқасы бойынша құрылған Қазақстанның ең сәнді жұлдыздары мен танымал адамдарының тізімін ұсынамыз.

Бірінші орынға біз Қазақстанның Халық әртісін, әнші Роза Рымбаеваны жайғастырдық. Себебі қазақ халқының біртуар қызы сахнаға арналған костюмдерін ерекше талғампаздықпен таңдап, қазақ эстарадастында жүрген әншілердің ішінен кәсіби мамандардың көмегіне сүйенген тұлғалардың бірі десек қателеспеспіз.

Саханада да, күнделікті өмірде де киім үлгісіне ерекше назар аударатын әншілеріміздің бірі - Қарақат. Өнерпаздың ұлттық нақыштармен безендірілген сахна киімдерін таңдаудағы талғамына таңғалмасқа шара жоқ.

Әнші Мәдина Сәдуақасова да сахнадағы әріптестерінен қалыспайды.

Әнші, актриса, тележүргізуші, продюсер (жалғастыра берсек көп, Баянның айналыспайтын ісі жоқ) сахнадағы киім үлгісін таңдауда да, күнделікті киім-кешегін таңдауда да аса үлкен талғампаздық көрсетеді.

Скрипкашы Лана (Қорлан) Қазақстандағы ең сәнді адам десек қателеспеспіз. Егер әдетте сахнадағы образды жасауда жұлдыздарға кәсіби мамандар көмектессе, күнделікті өмірде шетелдегідей біздің әнші-актерлеріміз стилистердің жүгіне бермейді. Сондықтан күнделікті әдемі киініп жүрудің өзі үлкен өнер. Ал Лана болса осы өнерді жетік меңгерген.

Отандық әнші Лидоның киім-киісі де көпшіліктің көңілінен шығып жатады. Бұған дейін ол бірнеше брендті жарнамалап жүрсе (оның ішінде отандық дизайнер Salta-ның), биылдан бастап өз киім топтамасын шығарды.

Актриса Әсел Сағатова да аса талғампаздығымен көзге түскен өнерпаз. Қазіргі уақытта ол ресейлік дизайнер Кира Пластининамен жұмыс жасап, брендтің Қазақстандағы "бет-әлпеті" болып табылады.

Алматыдағы бірнеше дүкеннің иесі, байер Лилия Рах - отандық сәнді тұлғалардың бірі.

Салтанат Баймұхамедованың қолынан шыққан сәнді топтамалар да, оның күнделікті образдары да үнемі көпшіліктің көңілінен шығады.

Отандық бойз-бэнд "Орда" -  қазақ эстрадасындағы ең сәнді жігіттер. Біркелкі киінетін басқа сахна жұлдыздарымен салыстырғанда, олар батыстық стильде киініп, батыстық стильде өнер көрсетеді.

Жас актер Максим Акбаровты да алматылық сәнқойлар бірауыздан сәнді деп таниды.

Алексей Чжен – танымал қазақстандық стилист, Kazakhstan Fashion Week шарасының арт-директоры мен ұйымдастырушыларының бірі.

Fashion-продюсер Сәкен Жақсыбаев көпшілікті бірегей талғамымен таңғалдырудан шаршамайды.

Фотосуретші Ян Рэй соңғы уақытта сәнді кештердің басты кейіпкерлерінің біріне айналып, сыншылар оны да сәнді тұлғалардың қатарына қосудан жалықпайды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/239968-kazakstannyn-en-sendi-tanymal-adamdary-foto/

pixel