Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қыдырәлі мен Қарақат 15 жылдық мерейтойларын Түркияда атап өтті (фото)

Опубликовано:

Қыдырәлі Болманов пен Қарақат Әбілдина шаңырақ көтергеніне 15 жыл толуына орай Түркияда демалып қайтты.

Өнерлі жұп сонау 1999 жылдың 20 тамыз күні неке суын ішіп, мәңгі бірге болуға уәделескен. Қарақат Әбілдина баспасөз бетіне берген бір сұқбатында Қыдырәлі Болмановпен 1996 жылы 1 желтоқсанында жерлес ағасының мерейтойында танысқанын баяндаған еді.

"Мен ол кезде он сегіз жаста едім. Бір-бірімізді ұнатып, 4 жылдай кездесіп жүрдік. Одан соң ғана шаңырақ көтереміз деп шештік. Ата-анамыздың келісімімен той жасап, барлық дәстүр-жоралғы бойынша отау тіктік", - деп есіне алады әнші.

Сонымен қатар оларды ең алдымен өнер табыстырғанын жасырмайды.

Отбасы шырқының бұзылмауы үшін Қарақат Әбілдина ерлі-зайыптылардың арасында сенім мықты болу керектігін баса айтады: "Екеуміз отбасын жаңа құрған жылдары телефонда маза болмайтын. Ал мереке күндері, өзге де реті келген уақытта хабарласқан қыздарда шек жоқ. Оған қуанбасам, ренжімеймін. Жалпы, ерлі-зайыпты адамдарда өзара сенім мықты болуы керек. Онсыз болмайды. Қыдырды мүлдем қызғанбаймын деп айта алмаймын. Әйтпесе, сенің ол адамға деген сезіміңнің жоқтығын білдіреді. Балаларымның әкесі, өзімнің сүйіп қосылған жарым болғаннан кейін қызғанатыным рас. Бірақ мендегі қызғаныш есер емес, есті қызғанышіздің арамызда сенім, адами түсіністік, бір-бірімізге деген сезім бар", - дейді көпбалалы ана.

Бас қосқан 15 жыл ішінде өнерлі отбасында Бекболат, Иманәлі, Нұрәли, Айсұлтан есімді төрт ұл перзент дүниеге келген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/328418-kydyreli-men-karakat-15-zhyldyk-merejtojlaryn-tyrkiyada-atap-otti-foto/

pixel