Қазақ эстрадасындағы жарасымды жұптар (фото)
Опубликовано:
Қазақ эстрадасында теңін тауып қосылған жарасымды жұптар жетерлік. Олар тек өнерде ғана емес, өмірде де бірге. NUR.KZ назарларыңызға ztb.kz сайты жариялаған отандық шоу-бизнестегі жұлдызды жұптардың тізімін ұсынып отыр.
Қыдырәлі Болманов және Қарақат Әбілдина
Үш жарым жылдан кейін олар шаңырақ көтеріп, кейін өмірге алғашқы ұлдары Бекболат келді.
Тоқтар Серіков пен Бейбіт Сейдуәлиева
Тоқтар мен Бейбіт қазақ эстрадасындағы ең лирикалық жұп. Жұлдызды жұптың отбасылық өмірін көп жағдайда құпия ұстайды. Қазақ тілді тыңдарман аталған әншілердің шығармашылығын өте жоғары бағалайды десек артық емес.
Жазира мен Жанболат
Сәбит Әбдіхалықов пен Алтынай Жорабаева
2001 жылы Алтынай "Азия дауысы" фестивалінде топ жарады. Сол байқауға келгенде болашақ жары, режиссер әрі актер Сәбитпен танысқан.
Бүркіт пен Аиша
Өнерлі жұптың табысқанына 4 жыл толды. Олар Бүркіттің туған күнінде танысқан. Туған күн иесін құттықтап келген би тобында ерекше назар аударатын сұлу болды. Ол Бүркіттің де жүрегіне шоқ салған екен. Өзінің фильміне актриса іздеймін деп сылтауратқан әнші Аишаның телефон нөмірін сұрап алған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/personal-life/336202-kazak-estradasyndagy-zharasymdy-zhyptar-foto/