Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мақпал Жүнісова бай мен кедей арасының алшақтап кеткеніне алаңдайды

Жарияланған күні:

Қазақ эстрадасының жарық жұлдызы Мақпал Жүнісова өзінің 51 жасқа толған туған күнін атап өтіп, baistars.kz сайтына cұхбат берді.

Сұхбат барысында танымал әнші кейбір сырларымен бөліскен. Ол қызы Мерейдің ән салуға икемі барын, бүгінде бірнеше үйірмеге қатысып жүргенін айтқан.

Сондай-ақ, үйге азық-түлікті өзі әкелетінін және "Көк базардан" сауда жасайтынын да әнші жасырған жоқ.

"Алматыдағы кәдімгі "Көк базарға" барамын. Ертеңгі сағат 8-де сонда болып, қажетті деген заттарды ешкім келмей тұрғанда саудалайтыным бар. Осылайша, бірнеше жылдан бері "Көк базардағы" шағын дүкеннен сауда жасаймын", - дейді әнші.

"Көк базарда" қайыр сұрайтын 3-4 кемпір бар. Барған сайын соларға 5-6 мың теңгеден ұстатып кетемін. Олар әрдайым мәз болғанда, кәдімгідей жаным ашиды.

Сонымен қатар, Мақпал Жүнісова қайыр сұрап отыратын бірнеше адамға үнемі қайыр-садақа беретінінін айтты.

"Көк базарда" қайыр сұрайтын 3-4 кемпір бар. Барған сайын соларға 5-6 мың теңгеден ұстатып кетемін. "О-о, Мақпал келе жатыр" деп, олар әрдайым мәз болғанда, кәдімгідей жаным ашиды. Кейін араға апта салып, қайта келгенде, "өткендегі ақшаны мынаған жұмсадым" деп кәдімгідей есеп беріп жатады (күліп). Жалпы, қай базарға бас сұқпаңыз, қайыршылардың дені — қаракөздер. Осыдан-ақ қазақтың жағдайы оңып тұрмағанын байқайсың", - дейді халықтың сүйікті әншісі.

Әнші қазіргі қоғамда өзін толғандыратын мәселелерді де жеткізген.

"Әуелі елдің жағдайы алаңдатады. Бұрынғыдай емес, бай мен кедейдің арасы алшақтап кетті. Ауқатты адамдар байыған үстіне байып жатыр, ал кедей-кепшік күнін көре алмай жүр. Ауылдың тұрмысы да көңіл көншітерлік емес. Басқасын айтпағанда, әлі күнге ауыз суы, жарығы мен көгілдір отыны жоқ елді мекендер бар, сенесіз бе?! Билік басында отырғандардың дені ауылдан шыққан азаматтар екені шындық. Солар неге өсіп-өркендеген жерін ұмытты екен?! Түсінбеймін!", - деді Мақпал Жүнісова.

Ауқатты адамдар байыған үстіне байып жатыр, ал кедей-кепшік күнін көре алмай жүр. Ауылдың тұрмысы да көңіл көншітерлік емес.

Ол қызы Мерейдің әкесінің бірінші некесінен қалған балаларымен араласпайтынын да айтты.

"Егер өздері қаламаса, Мерейім неге араласуы керек?! Көпшілікке белгілі болар, Құралайдың өзі бір басылымға "екеуімен де мүлдем араласқым келмейді" деп сұхбат беріпті. Сол себепті олармен кездесуге менің де құлқым жоқ", - деген әнші.

Елімізде тойға көп шыға бермейтін әншінің "ставкасы"  да белгілі болды. Танымал әншінің тойға шығатын ең төменгі бағасы – 1000 АҚШ доллары.

"Қанша төлейтінін де алдын ала анықтап сұрап аламын. Амал жоқ, әдемі болып жүргің келсе, тойда ән айтуға тура келеді. Негізгі табыс көзіміз сол ғой. Әсіресе, жаңадан көйлек кигім келген кезде, тойшы қауыммен кездесетінім бар (күліп). Ең азы — 1 мың АҚШ доллары. Онда да қатты қысылып, жағдайы болмай тұрғанда ғана келісемін. Кейде соның жартысына да қазақы көңілмен 5-6 әнімді шырқап кететінім бар. Бәрі де адамның қалтасына қарай шешіледі", - дейді Мақпал.

Сондай-ақ, Болат Назарбаевтың келіншегі өзінің әніне сүйсініп, 10 мың доллар ұстатқанын әнші жасырмады.

Басқасын айтпағанда, әлі күнге ауыз суы, жарығы мен көгілдір отыны жоқ елді мекендер бар, сенесіз бе?!

Сұхбат барысында Мақпал Жүнісова бүгінге дейін ешбір есепшотына ақша жинамағанын да айтқан.

"Ақшаны банкіде сақтауға мүлдем ебім жоқ. Қалай келеді, солай кетеді. Оған қоса, отбасымызда тоғыз ағайындымыз, бауырларым, олардың балалары бар. "Мақпал тәте" деп келіп тұрғанда, көңілін қимаймын", - деді әнші.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/349070-makpal-zhynisova-baj-men-kedej-arasynyn-alshaktap-ketkenine-alandajdy/