Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан шоу-бизнесіндегі жұбайларын жасыратын жұлдыздар (фото)

Опубликовано:

Танымалдардың арасында, әсіресе қыздар жағы жұбайын көбірек жасыратын сияқты. Бірақ не үшін екені түсініксіз. Әрине, ол әр азаматтың өз еркінде әрі құқығында. Десе де, халық танымалдардың жеке өміріне қызығушылықпен қарайды.

Тіпті кейде, жұбайын жасыратындарға байланысты өзгенің ар-намысына тиетін сөздер де айтып жатады. 

Әнші Айқын Төлепбергеннің әнін тыңдап жеке өміріне қызыға қарайтындар саны көп екен. Осыған дейін Айқын жеке өмірін әсіресе әйелі жайлы айтқан емес. Тіпті әлеуметтік желідегі парақшаларына отбасы жайлы айтып беруін сұраған тыңдармандарына бұл әнші ата-анасы, яғни шыққан тегі жайлы баяндап беріп құтылып кетеді екен.

Бір кездері бұл әншіні халық Мақпал Исабековамен де байланыстырған болатын. Алайда кейіннен Айқының үйленгені белгілі болды. Бірақ әнші өмірлік серігі кім екенін әлі жасырады.

Тіпті Айқын күнде өзінің суретін салып отыратын әлеуметтік желідегі парақшасына да әйелінің суретін салып көрген емес.

Әнші Лидоның да күйеуін тек әлеуметтік желідегі парақшаларынан жиі көреміз. Ол өзінің сұхбаттарында күйеуі өзіне және балаларына өте қамқор әрі мықты кәсіпкер екенін айтады.

Лидо күйеуін нағыз ер деп атайды. Әнші алғаш көргенде Русланның қызықты әңгімелері мен мінезіне көңілі ауғанын да жасырмаған.

Әнші, актриса Аида Жантілеуова жақында ғана тұрмысқа шықты. Ол да басында күйеуімнің суреттерін еш жерде жариялай алмайтынын айтқан болатын. Бірақ кейіннен инстаграм парақшасына жарымен түскен суреттерді сала бастады.

Дейтұрғанмен Аида өмірлік жарының кім екенін толықтай айтудан әлі жасырады. Журналистерді де жолатпайды.

Белгілі продюсер Баян Есентаева да қыздарының әкесін жасыратын танымалдардың бірі. Десе де көпшілік Баянның Бақытбегін инстаграм желісі арқылы таниды. Кәсіпкер екенін біледі. 

Баян Есентаева өз сұхбаттарының бірінде "Ол менімен тіпті халық көп жерге барғысы келмейді. Өзі жайлы көп мағлұмат бергенімді де қаламайды. Себебі сырткөздің сынын жақтырмайды. Халық әр түрлі ғой. Қасында тұрып "Баянның күйеуінің мұрны дәу, көзі қысық, бойы аласа" деп айтса, ол ыңғайсызданады. Ал мен елдің сынын, түрлі әңгімелеріне үйреніп қалғам. Керегін алам, артығын елемеймін де", - деген болатын.

Танымал актриса Қарлығаш Мұхамеджанованың да тұрмысқа шыққанына екі жылдай уақыт болды. Ол - белгілі кәсіпкер  Бекболат Балғымбаевтың жұбайы. Десе де актриса әлі күнге күйеуінің суреттерін әлеуметтік желідегі парақшасына салмайды. Ол жайлы сұрақтарға ашық жауап беруден бас тартады.

Жас актриса Әлия Телебарисова да жақында ғана тұрмысқа шықты. Күйеу жігіт белгілі әрі беделді отбасының перзенті. Есімі - Азамат. Жаңадан танылып келе жатқан актриса Әлияны тікұшақпен қыдыртуға ертіп барып, үйлену жайлы ұсынысын тосын сый түрінде әуеде жасағаны бар.

Әлияның күйеуімен бірге түскен суреттерін өзгелер таратпаса, өздері жасырын ұстағанды жақсы көреді. Ал көпшілік Азаматтың кәсіпкер екенін ғана біледі.

Әнші Дильназ Ахмадиева да  тұрмысқа шыққалы күйеуін тыңдармандарынан жасырын ұстағандардың бірі. Жақында ғана жарының суретін инстаграм парақшасына салған еді.

Онда да әншінің жарының есімі Ахмад екені белгілі. Дильназдың күйеуі де кәсіпкер. Одан артық мағлұмат жоқ.

Белгілі актриса Әсел Сағатова да тұрмысқа шыққан. Бірақ ол да жарын жасырын ұстайтындардың бірі.

Әнші әрі биші Әйгерім Қалаубаеваның тұрмысқа шыққанына біраз уақыт болған. Тіпті ұзынқұлақтың сөзінше, екі перзенті бар. Ал әншінің өзі жақында ғана инстаграм парақшасына жұбайымен түскен суретін салған.

Онда жастар неке сақинасын көрсетіп түсіпті. Ал көпшілік осы суреттерден кейін әншіні "тұрмысқа шыққалы жатыр" деп жүр.

Ринат Баситов жол апатына ұшырағаннан кейін өсіп қалған баласы мен бұрынрақ отау көтерген жарының барын айтқан еді. Әнші "Әйелімді көп жылаттым. Баламды да көпшіліктен жасырдым. Осыдан аман қалсам отбасыммен бірге боламын" деген еді. Әнші уәдесінде тұрып, қазір өз отбасымен тұрып жатыр.

Белгілі әнші Қайрат Нұртас үлкен сахнаға шығып, біраз танылғаннан кейін барып отбасын жасыруды ойлаған сияқты. Себебі оның тұңғыш бейнебаянында өмірдегі әйелі сүйіктісінің ролін ойнаған. Бірақ әнші мен оның анасы әлі күнге Қайрат Нұртастың отбасын қыздарын жасырады. Олар жайлы толық мағлұмат беруден бас тартады.

Қайраттың отбасысы туралы NUR.KZ бұған дейін де хабарлаған болатын.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/353625-kazakstan-shou-biznesindegi-zhybajlaryn-zhasyratyn-zhyldyzdar-foto/

pixel