jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    ЖЖ
    Жанар Жансеит
    Бұрынғы қызметкер

    Жұлдыздар балаларына қандай ат қояды? (фото)

    : UGC

    Жұлдыздар балаларына ат қойғанда олардың ерекшеліктері мен мағынасына аса мән беретіні белгілі болды.

    Әуелі күні кеше дүниеге келгендерінен бастасақ, ақпанның 23-і таңғы сағат 08 шамасында дүниеге әкелген қызына әнші, сазгер Роза Әлқожа Ясина деп ат қойды.

    Асыл дінімізден хабары бар жұртшылық бұл есімнің Қасиетті Құран Кәрімдегі сүре аты екенін бірден білері анық. Одан сәл ерте, дәлірек айтқанда, өткен жылдың 11 қарашасы күні сүйікті жары Динара әнші Еркін Нұржанға шекесі торсықтай ұл сыйлағанын білеміз.

    Ол ұлға атты алғашқы немересі болғандықтан әншінің өзі емес, әкесі, яғни, нәрестенің атасы қойды. Сонымен, сәби есімі – Қайыр.

    2013 жылы 14 жылдық үзілістен кейін екінші рет әке атанған Сәкен Майғазиев қызына Раяна деген есім қойды. Раян - "жұмаққа кіретін қақпа" деген мағына береді. Раяна есімін Сәкен Майғазиевтың анасы да қолдап, осылай атауды жөн көріпті.

    Аиша мен Бүркіт ұлдары туылса да, қанша уақыт оны елге көрсетпей тығып жүргенін білеміз. Сол кішкентайдың аты Зейін екені кейін айтылды. Және алғаш жұртшылыққа нәрестенің жүзін жарқ еткізген Қайрат Нұртас болды.

    Оқиға аяқ асты болған, яғни, Қайрат Бүркіт ағасы мен Аиша жеңгесімен бір ұшақта кездесіп, сол сәтте нәресте көтерген жас жұбайларды сарт еткізіп түсіріп ала қояды.

    Таяуда Қайрат Нұртастың өзі ұлды болғанын білсек те, үш қыздан кейін ұзақ күттіріп барып дүниеге келген сол нәрестеге азан шақырылып, Хан деп ат қойылғанын біле бермейміз.

    Ал жалпы, есімі елге белгілі жұлыздардың үйінде өсіп келе жатқан балалардың атын біле жүрсек, артықтық етпес. Мәселен, белгілі тележүргізуші Айгүл Мүкей ұлына Асанәлі деп атаған.

    Сонымен бірге Мәдина Сәдуақасова былтыр тұла бойы тұңғышы Әнуарды дүниеге әкелген. Әзірге Алмас Кішкенбаевта Зере атты жалғыз қыз бар.

    Жұлдыздар балаларына қандай ат қояды? (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.