Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Батырхан Шүкенов соңғы кездері өлім мен өмір туралы көп айтқан

Опубликовано:

 53 жасында бақилық болған, барша қазақ елінің қабырғасын қайыстырып кеткен әнші Батырхан Шүкенов соңғы уаықттарда өлім мен өмір жайлы жиі айтқан деп хабарлайды КТК арнасы.

Батырхан өзге туралы болмаса, өзі жайында көп әңгіме айтпайтын.  Шоу-бизнестегі шуларға да қатысы жоқ. Көбіне лирикаға, джаз стиліне жақын ән шығаратын. Тек таяуда Ресейдегі "Один в один" деп аталатын пародиялық шоуға қатысып, көпті актерлік қырымен де тәнтті еткен еді.

"Жизнь и смерть. Грань между ними невидима. Как невидимо наше дыхание. Вот оно есть, и вот его уже нет. Человек приходит в этот мир на короткое время и потом уходит из него навсегда".

Бұл- әншінің таяуда айтқан әңгімелерінің бірі. Өмір мен өлім жайлы. Жақындарыда да оның соңғы уақытта аздап шаршап, денсаулығы сыр беріп жүргенін біліпті.

"Мен Мәскеуге аттанып барамын, жұмыстарыммен деп еді.  40 жылдық есеп беретін концертімізде бірге шығамыз деп келіскенбіз. Батырхан студент кезінен бастап, менің туған бауырымдай болып, бірге 10 жыл еңбек еттік", - дейді Халық артисі Роза Рымбаева.

Ал әнші Медеу Арынбаев болса бұл күтпеген жағдай екенін, Шүкеновті әрқашан үлгі тұтып келгенін жеткізді.

Тума таланттың өнеріне табынушылар Республика сарайынының алдында Батырханға арнап гүл-шоқтарын қоюда. Ал музыкантпен қоштасу рәсімі жұма күні Алматыда Қазақ мемлекеттік филормониясында өтеді. Әкесімен қоштасуға Шүкеновтың артында қалған жалғыз тұяғы - 13 жасар ұлы АҚШ-тан келе жатыр.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/744490-batyrkhan-shukenov-sonhghy-kezderi-olim-m/

pixel