Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Бекболат Тілеухан айтыскер ақын Ринат Зайытовтың өлеңін сынға алды

Опубликовано:

«Еуразия» бірінші арнасындағы «Ашығын айтқанда» ток-шоуында Бекболат Тілеухан айтыскер Ринат Зайытовтың ғаламторды шарлап, көпшіліктің қызу талқысына түскен өлеңіне қатысты пікір айтты.

Бұл туралы Baistars.kz  хабарлайды.

Бағдарламаға айтыстанушы Шырынбек Қойлыбаев, журналист Бисен Ахметұлы, «Қазайтыс» сайтының редакторы Ұларбек Нұрғалым мен айтыстан тұңғыш телесайыс ұйымдастырған Сұлтан Оразалиндер қатысқан болатын.

Бүгінгі айтыс тақырыбын жан-жақты талқылаған олар ендігі жерде айтыскер-ақындарға да диплом керектігін жеткізді.

Бағдарлама барысында осыдан бірнеше жыл бұрын Ринат Зайытов айтқан өлең жолдарын Бекболат Тілеухан сынға алды.

«Боздаса кеудедегі бота мұңым,

Құл болған қажытады соқа күнім.

Кедейлерді қудалап, бай шалқыса,

Ешқашан әпермейді опа мұның.

Айына 360 мың долларлап айлық алған,

Бетсізі жоғарының.

Біреуі Африкада аң аулап жүр,

Отап болып орманын Отанының,

Бақшасына Бразиялияның талын егед(і)

Ақшасына ауылының шопанының.

Біреуі бір ауылдың жыл бюджетін,

Шашады шубасына тоқалының.

Апыр-ай бұлар қашан тоқтатады,

Елімнің қазынасын қопаруын.

Осындай опасыздарды ойнақтатып,

Сен қайда қарап тұрсың о, Тәңірім?!», - деп  Ринат Зайытов осыдан бірнеше жыл бұрын шенеуніктерді сынға алған болатын.

«Айтыста сын міндетті түрде айтылады. Бірақ, әр ақын өз сөзін қай жерде, қандай жағдайда айтуын білуі тиіс. Көбісі Бұқар Жырауға еліктеп, ойындағыны айта береді. Бұқардың Абылай туралы айтатын жөні бар. Себебі ол Абылайды қалыптастыру жолында зор еңбегі бар тұлға. Ауыл әкіміне сөзі өтпей жүріп, Президентке осылай айтуға хақы жоқ қой. Оған қоса бұл сахнада сап етіп ойға түсетін сөз емес. Алдын ала дайындалған. Елдің осыған «ду» ете қалатынын біліп отыр. Сын айтқаннан оңай ештеңе жоқ. Айтқыш болса басқа жолын табу керек. Елді шулатқаннан, бұл мәселелер шешілмейді», - деді Бекболат Тілеухан.

Оған қоса, Бекболат Тілеухан «Бүгінде майдан шепсіз. Елді шулатқан айтыскерлер айтар ойын қарабасының қамы мен атақ үшін емес, ел ішіндегі кемшіліктің түзелуі үшін айтуы керектігін» жеткізді.

 

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/755560-bekbolat-tileukhan-aytysker-aqyn-rina/

pixel