Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астанада қуғынға ұшыраған тарихшы Бекмаханов туралы фильмінің тұсаукесері өтті

Опубликовано:

31 мамырда Астанада көрнекті ғалым, қазақтан шыққан тұңғыш тарих ғылымының докторы, саяси қуғынға ұшыраған Ермұхан Бекмаханов туралы "Аманат" толықметражды фильмінің тұсаукесері өтті деп хабарлады BNews.kz.

Қазақ тарихының жанашыры, "XIX ғасырдың 20-40 жылдарындағы Қазақстан" атты еңбектің авторы Ермұхан Бекмаханов туралы фильмнің желісі бірнеше уақыт аралығын қамтиды: XIX ғасырдың орта тұсы Кеңесары ханның тәуелсіздік жолындағы күресі, XX ғасырдың ортасы және 60-жылдардың соңы. Тарихи туындыда қазақтың соңғы ханы Кеңесары Қасымов бастаған ұлт-азаттық көтеріліске арналған зерттеулері үшін 25 жылға бас бостандығынан айырылған тоталитарлық жүйенің құрбаны, алаш арысы Ермұхан Бехмахановтың тағдыры баяндалады.

Фильмнің режиссері және сценарий авторы - Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Мемлекеттік сыйлық лауреаты, Франция киноакадемиясының Жорж Садуль атындағы сыйлығының лауреаты Сатыбалды Нарымбетов.

Фильмде басты кейіпкер Ермұхан Бекмахановтың рөлін Берік Айтжанов, Халима Бехмаханованың рөлін Қарлығаш Мұхамеджанова сомдайды. Кеңесары хан рөлінде Санжар Мәдиев ойнайды. Сондай-ақ, фильмге Әзиз Бейшенәлиев, Құралай Анарбекова, Ерден Телемісов, Азат Нұртаев, Шынар Жанысбекова, Ажар Ыбыраева, Артем Митнев қатысады.

Фильмнің түсірілімі Алматы қаласы және Алматы облысында жүргізілді. Сол заманның бітім-болмысын дәлме-дәл ашып көрсету үшін шығармашылық топ біраз жұмыстар атқарған. Атап айтсақ, сол дәуірді өз көзімен көрген тұлғалармен кеңесе отырып іс жүргізу, заманға сай костюмдер тігіп, интерьер мен декорацияны жасау тәрізді жұмыстар жасалған. Фильмнің қоюшы суретшісі - Мұхтар Мырзакеев, продюсері - Арман Әсенов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/772618-astanada-qughyngha-ushyraghan-tarikhshy/

pixel