jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АС
    Акырыс Сейтказы
    Бұрынғы қызметкер

    Шетелдік әндерден қазақша сөздерді табатын жігіт көпшіліктің көңілінен шықты (видео)

    Словарь казахского языка
    Словарь. Иллюстративное фото: pixabay.com

    Алматылық монтаждаушы Амангелді Ерғазиев шетелдік әндерді жай ғана тыңдап қоймай, оның ішінен қазақ тіліне сәйкес сөздерді теріп, бейнеролик жасаумен әуестенеді. Бұл туралы ZTB.kz-ке сілтеме жасап NUR.KZ хабарлайды.

    Бейнетүсірілімдер жасайтын компанияда қызмет ететін азамат бүгінгі күнде "қазақ тілді" 13 қысқа бейнеролик жасап үлгерген. "#ҚазақшаТыңда" деп аталатын аталмыш роликтер көптеген әлеуметтік желі пайдаланушыларының көңілінен шыққан.

    "Мен Атырауда дүниеге келгенмін. Қазірде Алматыда DO Company компаниясында қызмет етемін. Бейнеклиптерді монтаждап, кез-келген видеоны қызықты етуді  үйретіп алғанмын. Ән тыңдағанды ұнатамын. Бір күні шетелдік әндер ішінен қазақ тіліне үндес сөздерді байқап, солардан тізбектелген бейнеролик жасау ойыма келді. Мұндай виедоларды әлі де жасаймын", - дейді Ерғазиев.

    "Парасат Ибраев пен Нұрболат Қанаев есімді жігіттер – менің әріптестерім. Біз бірігіп жобаларды талқылаймыз, оны жүзеге асырамыз. Біздің жетекшіміз – Орда тобының орындаушысы Дастан Оразбеков", - деп толықтырды монтаждаушы.

    Шетелдік әндерден қазақша сөздерді табатын жігіт көпшіліктің көңілінен шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.