Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақ жігіті ағылшын фильміне түсуге шақырту алды (фото)

Опубликовано:

Алматылық Димаш Әділет Ұлыбританиядан Instagram әлеуметтік желісі туралы деректі фильмге түсуге шақырту алды.

Фильмде желі арқылы танымал болған адамдар жайлы баяндалады.

Димаш Instagram-ға осыдан үш жыл бұрын тіркелген. Бастапқыда күнделікті сурет­­терін жүктеп, өміріндегі қызық­тар мен алған әсерлерін ортаға салып отырған. Уақыт өткен сайын жазылушылары көбейіп, танымалдығы арта түседі.

"Танымал болуды мүлдем ойлаған жоқпын. "Көппен көрген - ұлы той" демекші, елмен бірге тіркелдім. Ал парақ­шама жазылушылардың саны артқан кезде желіні мүлдем басқа мақсаттарда пайдалануға болатынын түсініп, белсенділік таныттым. Атап айтқанда, жарты жыл бұрын жазбаларымның форматын өзгерттім. Енді тек суреттер ғана емес, әр түрлі та­қырыпта шағын әңгімелер жа­зып, жариялай бастадым. Нә­тижесінде, оқырмандарымның саны бұрынғыдан да еселене түсті", - дейді Димаш.

Бүгінде ол Швейцарияда білім алып жүр. Сондықтан оған жазылушылардың қатарында ағылшынтілділер өте көп. Соны ескеріп өзі де жазбаларын орыс және ағылшын тілдерінде жария­лайды.

Қазақ жастарының ешкімнен кем емес екенін дәлелдегісі келетін Димаш қатарластарының рухы асқақ, намысы биік және білімді болғанын қалайды деп жазады "Егемен Қазақстан" газеті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/838153-qazaq-zhigiti-aghylshyn-filmine-tusuge/

pixel