Отандық танымал адамдар балаларына қандай сирек есімдер қояды? (фото)
Жарияланған күні:
Отандық танымал отбасылар тек өнері мен қызметінде ғана емес, отбасында да шығармашылық қиялға ерік береді. Олар өз балаларына барынша сирек кездесетін ерекше есім беруге тырысатыны да ғажап емес.
Балаларына ең ерекше есім қойған 8 отандық танымал отбасының тізімін comode.kz-ке сілтеме жасап назарларыңызға ұсынамыз.
Президент Нұрсұлтан Назарбаев: немерелері Тиара, Алсара, Алтай, Венера, Дениза, Алиша, Нұрәлі, Айсұлтан
Президенттің үлкен қызы Дариға Назарбаева өз баласына ерекше есім қойған. Оның 2000 жылдың мамырында дүниеге келген кіші қызының есімі - Венера.
Венера латын тілінен аударғанда "махаббат", "сұлулық" деген мағына береді. Күн жүйесіндегі планеталардың бірі грек аңыздарындағы Венераның атына берілген.
Президенттің келесі немересі Алтай Құлыбаев – президеннттің ортаншы қызы Динара Құлыбаеваның ұлы. 1990 жылы дүниеге келген. 2012 жылы Лондондағы Cass Business School оқу орнында бакалавр деңгейін алған.
Алтай есімі түрік және моңғол тілдерінен "алтын ай" мағынасын береді. Ал алтайлық эпоста "жер" деген мағынаға ие.
Алтайдың екі қарындасы бар - Дениза (2004 жылы туған) және Алиша (2010 жылы туған). Дениза есімі түрік тілінен аударғанда "көл" деген мағына береді. Ал Алиша грек тілінде "бақытты" деген мағынаға ие.
Президенттің кіші қызы Әлия Назарбаева да балаларына сирек есімдер таңдаған. Оның қыздарының есімі Тиара (2007) және Алсара (2011).
Тиара грек тілінен "диадема", "шың" деген мағына берсе, Алсара есімін Әлия өзінің және анасы Сара Назарбаеваның есімдерінен біріктіріп қойған болуы керек.
Бүгінде президенттің үш қызы Дариға, Динара және Әлиядан, үш ұл немересі - Нұрәлі, Алтай мен Айсұлтан және бес қыз немересі - Венера, Дениза, Алиша, Тиара мен Алсара бар. Сонымен қатар Лаура және Алан есімді шөберелері бар.
Дизайнер Жәмилә Досқазы – қызының есімі Ассоль
"Ол дүниеге келгенде, мен есімін таңдау барысында үнсіз отырдым. Себебі, ортаншы ұлымызға біз қаза болған әкемнің есімін бердік. Ал қазақтарда бұлай ету бұрыс саналады. Менің күйеуім қызымызға Ассоль есімін берді. Мен қатты таңырқап қалдым. Себебі күйеуім романтикадан аулақ прагматиктер қатарында болатын", - деп ағынан жарылды дизайнер.
"Мен одан нақты әрі түсінікті прагматикалық есім күттім. Бүгінде қызымыз алты жаста. Оған бұл ең таңдаулы есім болып отыр. "Алые паруса" дастанын мен қызым туылғаннан кейін бір-ақ оқыдым. Күйеуім оған бұл есімді өмірі шексіз сенімге толы болсын деген ниетпен қойды. Себебі Ассоль есімді қыз шексіз сенімге ие кейіпкер", - дейді Жәмилә.
Дизайнер Салтанат Баймұхамедова – ұлы Аттила, қызы Жульетт
"Мен үшін ең бастысы - адамгершілік. Олар үшін үлгі болуға тырысамын. Мен әлемдегі ең жайлы ана шығармын. Мінсіз емеспін, әрине басымда өз тарақандарым бар. Кей кездері оларды мезі етемін, әсіресе ұлымды. Алайда менімен бірге тұру үшін айтарлықтай жайлымын. Еркіндікті сүйемін. Сондықтан балаларымның да еркіндігін шектеуге құқығым жоқ деп санаймын", - дейді Салтанат.
Әнші Лидо – қызы Риана және ұлы Рахман
"Қызымды АҚШ-та альбом жазу кезінде дүниеге әкелдім. Қазір Рианада америкалық паспорт пен жеке social security number деп аталатын нөмірі бар. Сол себепті есімін батысқа сай етіп қойдық. Мұсылмандық үлігсі - Райхан. Солай атай берсеңіздер де болады", - дейді Лидо.
"Рахман – маған Жаратушымыз сыйға тартқан бала. Қызымды босанғаннан кейін менде денсаулықпен қиындықтар туындады. Екінші рет жүкті болу үшін көптеген гормоналды дәрі-дәрмектер қабылдауға тиіс болатынмын. Алайда Рахман қашан дүниеге келетінін өзі шешіп, біз үшін күтпеген сыйлыққа, Құдайдың берген сыйына айналды. Мен оның ұл болатынын бірден сездім", - дейді әнші.
Тележүргізуші Қазыбек Қасым - қызы Эсманұр
"Эсманұр есімінің түптамыры арабтар мен түріктерден шыққан. Араб тілінен - "ең жоғары жарық", ал түрік тілінен "есімдердің ішіндегі үздігі" деген мағына береді. Менің қарындастарымның есімі Әсем мен Марал, ал жарымның есімі - Айнұр. Байқасаңыз, қызымның есімі маған қымбат арулардың есімдерінен құралғандай көрінеді!", - дейді Қазыбек.
Дана Орманбаева мен Дәуіт Шайхисламов – қызы Шарлиз және ұлы Дилан
"Кез келген жастағы балалармен келісімге келе алу - олармен жылы қарым-қатынас орнатудың тиімді жолы деп сенемін. Балалар қашан да бала болып қала бермесі анық. Мұны әу бастан есте сақтау керек. Мен балаларыма дауыс көтермеймін, оларға бәрін байыппен түсіндіруге тырысамын. Жалқаулық, қорқақтық, орынсыз үрейлену, арамдықтан аулақ болуларын талап етемін. Әйтеуір оны жиі еске салып отырудың қажеті жоқ. Балалар - күйеуім екеуімізге ең жақын дос деуге болады!", - дейді Орманбаева.
Әнші Бақыт Шадаева - қызы Урсула және Алиша.
"Қызыма есімді күйеуімнің әжесі берді. Таулы алтайлықтардың тілінен аударғанда "Урсула" "таудан аққан мөлдір, таза су" деген мағына береді. Бұл атау Ресейдің Алтай аймағындағы өзенге де берілген. Оның маңында қызымның әжесі мен атасы тұрады", - дейді әнші.
"Алиша есімінің түптамыры араб тілінен шыққан. Бір нұсқасында "жалғыз, қайталанблас" деген мағына берсе, екіншісінде "игі тілектер, кешкі намаз" деген мағынаға ие. Қызым кешкі намаз уақытында дүниеге келген", - деп түсіндірді Шадаева.
"Орда" тобының солисі Ерболат Беделхан – қызы Мейірлен
"Менің ойымша, қыздарға дәстүрлі есімдер берген дұрыс. Есім адамның өмірге келген сәтінен онымен бірге болады. Менің қызымның есімі Мейірлен. "Аяулы" деген мағына береді", - дейді солист.
Фото мен сұхбат үзінділері ашық ақпарат көздерінен алынды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/841000-qazaqstan-zhuldyzdary-oz-balalaryna-q/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.