Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Абдуллин мен Сәкен Майғазиев "Қазақ елі" мультфилімінде "Қарақшылар" әнін орындайды

Опубликовано:

Нұрлан Абдуллин мен Сәкен Майғазиев "Қазақ елі" мультфилімінде "Қарақшылар" әнін орындайды - Today.kz.

Алматыда 7 қыркүйек күні "САҚ" киностудиясының "Қазақ елі" атты толықметрлі анимациялық фильмінің жұмыс барысы туралы баспасөз мәслихатында мәлімдеме жасайды.

Фильм ҚР Мәдениет және спорт министрлігінің тапсырысы бойынша жасалуда. Баспасөз мәслихатында фильмнен үзінділер көрсетілетін болады. "Сақ" киностудиясы қалың жұртшылыққа "Қошқар мен теке", "Момын мен қарақшылар", "Толағай", "Маймақ қаз", "Мұңлық - Зарлық", "Сапа олимпиядасы", "Қанатты барыс туралы аңыз", "Қазақстан бренді", атты мультфильмдерімен және "Қазақстан" ұлттық телеарнасының "Ең үздік жоба" номинациясын жеңіп алған балаларға арналған "Томпақ телехикаясы" сериялы арқылы кеңінен танылған.

Фильмдегі оқиға желісі Керей мен Жәнібектің бала кездерінен бастап есейіп, ер жетіп, ел басқарып, Қазақ хандығын құрғанға дейінгі аралықты қамтиды. Фильмнің мақсаты балалардың өз тарихын түсінуіне, Керей мен Жәнібектей батырлардың қазақ хандығын қалай құрғанын біліп, соларға еліктеуге, өз елінің патриоты болып өсулеріне жол ашу.

Фильм желісінде Жәнібек пен Керейдің ұстазы болған Қарт батырдың оларға садақ ату, қылыштасу, атпен шабу, сол секілді жауынгерлік өнердің түрлі тәсілдерін үйретуі кеңінен көрсетіледі. Кейін ел басқаруда білімнің де маңызы зор екенін ұстазынан ұғынған Керей мен Жәнібектің Отырар қаласына аттануы, Отырар кітапханасын аралап, ғұлама ұстаздардан түрлі дәрістер алып, елге оралғанда түрлі ерліктерімен көзге түсе бастауы да қамтылған.

Балалардың қызығушылығын арттыру мақсатында фильмде Керей мен Жәнібектің бала кездерінде бастарынан өткен қызықты оқиғалары көрсетіледі. Олардың тай үйретеміз деп жүріп, қалай қарақшыларға тап болғандары, Қарт батырдың көмегімен қарақшыларды жеңіп шығуы балаларға бір жағынан абай болуды меңзесе, екінші жағынан езу тартар болары сөзсіз. Осы эпизодқа арнайы жазылған "Қарақшылар" әнін Нұрлан Абдуллин, Сәкен Майғазиев (МузАрт тобы) сынды кәсіби әншілермен қатар Нұржан Төлендиев ("Алдараспан" театры), Берік Тұрсынбековтей ("Шымкент-шоу" театры) елге әзілімен танылған азаматтар орындайды деп күтілуде.

Фильм барысында қазақ жерінің әсем табиғаты, сол замандағы Жібек Жолы бойында орналасқан Сауран, Отырар, Сығанақ сияқты ірі қалалар, зәулім хан сарайлары көрсетіледі. Сонымен бірге, кішкентай көрермендеріміз елордамыз Астананың бүгінгі көз сүйсіндірер көркін де тамашалай алады. Фильмнің тарихи кеңесшісі - тарих ғалымдарының докторы, профессор - Жамбыл Артықбай (Тарих ғылымдарының докторы, профессор). Фильмнің көрсетілімі желтоқсан айындағы Тәуелсіздік күні қарсаңына жоспарланған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/880299-nurlan-abdullin-men-saken-mayghaziev-q/

pixel