"Кешью" тобының қыздары қуыршаққа айналды (фото)
Жарияланған күні:
Кешьюдің қуыршақтары жаңа жұмыстарымен көрермендердің көзайымы болуды көздеп отыр деп хабарлайды Гәкку арнасы.
Топтың құрылғанына он жыл болса да, жаңа құраммен жұмыс істеп жатқандарына алты-ақ ай. Бұл түсіріліп жатқан үшінші бейнеклип.
Арман Дүйсеновтың сөзі мен әуеніне жазылған ән «Қуыршақтар-ай» деп аталады, рок-н-рол бағытында.
"Кешьюдің жаңа құрамына жаңа образды ойлау қиынға соққан жоқ. Қуыршақтай қыздарға қарап, осындай бағытта ән жазып, клип түсіруді жөн көрдік. Жастық шақтың жалынын түрлі-түспен, жарқын образбен бейнелегіміз келді", - айтты іскер бикеш Баян Есентаева.
Түсірілім алаңынан жанды қуыршақтарды көргендей болдық. Жаңа құрамға алғашқы болып келген – Жұлдыз дың сүйікті қуыршағы да, ертегісі де – Күлбике екен.
"Бала кезімнен Золушканы сүйіп қараймын. Касетадан, кейін дисктен көріп жүретінмін. Золушканың әр сөзін жатқа білемін. Кейде интернеттен де қарап қоямын", - дедi Жұлдыз Өмірғали.
«Лашын» мен «Кешьюді» өзара салыстырып жатқандар бар. Кімнің жетістігі зор екенін бағалайтын – халық. Дегенмен, продюсер екі топтың ұқсас тұстары мен айырмашылығын атап өтті.
"Алғашқыда ұқсатқан шығар. Қазір енді біреуі трио, екіншісі дуэт қой. "Лашынның" бүгінде төрт, ал "Кешьюдің" екі-ақ клипі дайын. Мен оларды ешқашан салыстырған емеспін. Айтпақшы, жаңа жылды жырлап, "Лашынға" да жақында клип түсіреміз", - бөлісті Баян Есентаева.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/900523-keshyu-tobynynh-qyzdary-quyrshaqqa-ayna/