jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    АШ
    Арай Шералы
    Бұрынғы қызметкер

    Джонни Депп 16 жастағы қызының бисексуал екенін айтты

    : UGC

    Голливуд актеры Джонни Депп өзіңін 16 жастағы қызы Лили-Роуздың бисексуал екенін айтты. Бұл туралы ол Daily Mail басылымына берген сұхбатында хабарлаған.

    Джонни Депп мұны қызының гейлер ұйымына кірмей тұрып-ақ сезгенін жасырмады, деп жазады Stan.kz.

    “Әлеуметтік желіде қызу талқыланып, ұзақ әңгіме болды. Бірақ мұны мен ғана емес, қызымның өзі де жасырмайды. Мен қызымның бар әрекеті үшін мақтанам және оған сенем. Әрине, қызымның болашағы үшін алаңдаймын”, – дейді әкесі.

    Лили-Роуз ЛГБТ ұйымына 2015 жылдың тамыз айында мүше болған. Оған Self-Evident Truths фотожобасына түсу себепші болған. Жобаға қатысқан 10 мың қатысушының ішінде Лили-Роуз ғана өзін 100 пайызды гетеросексуалды емес екенін айтқан. Бірақ, оған дейін бұл туралы ешкімге тіс жармаған.

    Лили-Роуз ең алғаш ресми түрде 2015 жылы сәуір айында көрермендер алдына шыққан еді. Ол кезде анасы Ванесса Парадимен бірге Chanel көрсетіліміне түскен болатын. Сол кезден бастап БАҚ өкілдері оның әкесінің ізін жалғастырады деп жариялады.

    Ванесса Паради мен Джонни Депп 2012 жылдың маусым айында 14 жыл отасқан соң ажырасып кетті. Олар заңды некеде болмаған және некесін рәсімдеуге асықпайтындарын айтқан. Сол уақыт аралығында  атақты жұлдыздардың қызы Лили-Роуз бен ұлы Джек дүниеге келген еді.

    Джонни Депп 16 жастағы қызының бисексуал екенін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.