Омырауы ең әдемі қазақстандық жұлдыздар
Жарияланған күні:
Қазақ эстардасында омырауын ашып, тәнін жалаңаштап жүретін әртістер күн санап көбейіп келеді. Ашық-шашық киінгенді намыс көрмейтін отандық жұлдыздар үйреншікті қалпынан еш өзгермек емес. NUR.KZ омырауын ашып киінетін эстрада жұлдыздарын назарларыңызға ұсынады.
Шаш үлгісін сан мәрте ұзартып-қысқартқан әнші Мақпал Исабекованың көйлегі де бірте-бірте қысқарып бара жатыр.
Омырауын елге паш етуден жалықпайтын жұлдыздардың бірі - танымал тележүргізуші Динара Сәтжан.
Динара Сәтжанның соңғы рет жабық киінгенін көрген жанкүйерлер оның бұл шешіміне аң-таң.
Ал әнші Рано Умарованың сахналық киімдері тек ашық көйлектерден құралған. Төсін жалтыратып киім киюден Рано алдына жан салмайды.
Ділнәз Ахмадиева эстрада жұлдыздарының ішіндегі ең батыл әншілердің бірі десек, артық емес. Сын тағушылардың сөзіне аса назар аудармайтын Ахмадиева өз ойын әрдайым ашық айтып, өзіне ұнайтын киімді де еш қысылмастан киіп жүреді.
Табиғи сұлулығымен, киім киюде ұстамдылығымен, қарапайымдылығымен халықтың көңілінен шыққан Баян Есентаева соңғы кездері өз образынан жалыққан секілді. Белгілі продюсер әрі тележүргізуші сахнаға омырауын ашып шықты.
Жас әнші Кәмшат Жолдыбаева да омырауын ашып жүретін қазақ бойжеткендерінің бірі.
Ал актриса Әсел Сәдуақасова омырауын ашып жүруден еш қысылмайды. Жас әртіс өзін халыққа продюсерлік қырынан да танытып жүр.
Актриса Әсел Сағатова да әркез ашық омырауымен елдің назарын өзіне аудартып тұрады.
Әнші Луина да ашық-шашық киінгенді ерекше стиль деп түсінетіндердің бірі.
Шоу-бизнесте халық алдында денесін жалтыратып, қанша тырысқанымен, нағыз өнер иесі бола алмаған әртістер де бар. Солардың бірі - жұртқа беймәлім "Ламия" тобы.
FM тобының қыздары да даусымен емес, төсімен ел есінде көбірек қалған секілді.
Ресейлік әнші Сергей Зверевпен дуэт құрып, қазақша ән айтқан Диана Шарапова да жұрт алдында төсін жалтыратып жүреді.
Қазақтың дарынды скрипкашы қызы Жәмилә Серкебаева да әрдайым ашық төсімен сахнада өнер көрсетеді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/980073-san-ushin-tanin-zhalanhashtap-zhuretin-qaz/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.