Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұрлан Абдуллин Батырхан Шүкеновтің ұлына үй алып беру үшін $100 мың аударды

Опубликовано:

Батырхан Шүкеновтің азаматтық некедегі жары Екатерина Шелякованың ресейлік телеарналардың бірінен ауыр жағдайда күн кешіп жатқанын айтып, көмек сұрауы көпшіліктің жағасын ұстатты.

Сөйтіп, Батырдың  артынан қалған жалғыз тұяғын асырай алмай жатырмын деп жаһанға жар салған Шелякованың бұл әрекеті жұлдыздың туған-туыстары, достары мен әнін сүюшілерге аса ауыр тиді деп хабарлайды 31 арна.

Екатеринаның айтуынша, Батырхан дүниеден өткеннен кейін ұлы екеуі жалдамалы зәулім үйден кетуге мәжбүр болған.

Америкада оқуын жалғастырып жатқан Мақсұтқа Батырхан ай сайын 8 мың доллар жіберіп отырған. Танымал әнші дүниеден өткен соң баласының шығындарын анасы төлей алмаған.  Қазіргі жағдайын 14 жастағы Мақсұт бейнеүндеу жолдап, өздерінің шет елде «бомж» атанғандарын айтқан болатын.

"Енді менің әкем жоқ. Бұл мен және анам үшін өте қиын. Анам үнемі жылайды. Әрине, мен оны жұбатуға тырысамын. Бірақ оған бәрібір де қиын", - дейді Батырхан Шүкеновтің ұлы Мақсұт Шүкенов.

"Отан анасымен" елдің драмалы тарихын сездіріп, "Джулия" әнімен талай жанның жүрегін тебіренткен әнші Шүкеновтің өмірден өткеніне жыл толмай жатып-ақ Екатеринаның халықты шулатуы отандық шоу - бизнес өкілдеріне де ұнамапты.

"Менің оған ешбір қатысым жоқ. Батырханды кезінде әрине  баламдай жақсы көрдім,  біраз уақыт студент кезінде менің қолымда да болған.  оқыған кезінде де. Бірақ  семьясына оның мында әйелі болды, ресми түрде ажырасты  ол әйелдің қайдан кім екенін білмеймін. Батырхан айтушы еді менің ұлым бар деп. Сол ұлы бар екенін білемін, бірақ ол әйелді білмеймін", - дейді  КСРО халық әртісі Бибігүл Төлегенова.

"Бүкіл халыққа, бүкіл ТМД-ға шығып ондай әңгіме айту бір түрлі сияқты. Біздің қазақтық менталитетке жатпайды. Оның ағасы, тумасы бар", - дейді Ұлықпан Жолдасов.

"Ресми  жолдасы болып есептелмейтін болғандықтан кейін сәл дұрыс емес деп ойлаймын. Артықтау деп ойлаймын, кішкене алып  сатарлыққа жақын.  Жанды жерді ұру арқылы  материалдық жағдайға жеткісі келген  адамның мүддесі сияқты. Бұл жерде қатты махаббат, жүрек ауруы немесе өмірден кеткеніне бас ауырып тұрған адамды көрген жоқпын.  Ол жерде жеке бастың мүддесі тұр", - дейді әнші Тамара Асар.

Азаматтық некедегі жарының мәліметінен кейін әншінің атына  ашылған қоғамдық қор бірден  қомақты қаржы жинауға кірісті. Әншінің соңғы әндерін жинап "Аманат" атты диск жарыққа шығарды. Күні кеше ғана Республика сарайында отандық  және ресейлік өнер жұлдыздарының басын қосып қайырымдылық концерт өткізді. Одан түскен қаржы Мақсұттың оқуына аударылмақ.

"Біз қайырымдылық концерттен түскен қаржыны Батырханның ұлы Мақсұттың атына  аударамыз. Сол үшін қоғамдық қор бәрін істеп жатыр", - дейді Батырхан Шүкенов атындағы қоғамдық қордың директоры Олжас Байқанов.

Халықтың сүйіктісіне айналған  Батырханды сағынған жұрт оның танымал әндері шырқалғанда, бір жылап, бір күліп отырды. Тіпті, танымал әні "Джулия" орындалғанда көрермендер орындарынан тұрып бірге шырқады. Батырханның анасы кештің қадірлі қонағы болды.

Ал, кешті  бұрынғы жазып алынған кадрлары арқылы әншінің өзі жүргізіп, тіпті кейбір әншілерді сахнаға өзі шақырды. Концерт бастан-аяқ фонограммасыз, әрі 3 сағатқа жалғасты.

Әншінің көмекшісі әрі қоғамдық қордың директоры  Олжас Байқанов Батырханның жалғыз баласына баспана алып беруді көздейді екен. Тіпті, бұл қорға белгілі әнші, әрі досы Нұрлан Абдуллин өз атынын 100 мың доллар аударған.

"Батырханның ұлы біздің де ұлымыз. Сондықтан, ақша аудардық", - дейді Абдуллин.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/986727-nurlan-abdullin-batyrkhan-shukenovtinh/

pixel