Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мөлдір Әуелбекова күйеуін "шалға" теңегендерге бас салды

Опубликовано:

Мөлдір Әуелбекова әлеуметтік желіде сүйіктісіне тіл тигізгендерге бас салды. Тыңдармандарынан мұндайды күтпеген әнші жазылушыларға тиылуды ескертті.

"Арыстан менен бір жас үлкен. Жолдасым 1985 жылғы ал мен 1986 жылғымын. Басқа-басқа, мен сүйіктіме сөз тигізбеймін! Тиылыңыздар! Қара тізім ашық деп жариялаймын!", - деп жазды Әуелбекова жеке парақшасында.

Бірақ Әуелбекованың сүйіктісін "тазша балаға" теңеп, "шал" деп есептейтіндер еш тиылар емес.

"Мөлдір, кешірерсің, бірақ осы жігіттен басқа жігіт құрып қалды ма? Түрі де онша емес, шашы да жоқ, семіз. Өзің сұлусың, айдай көркің бар, не болса да бақытты бол енді", - дейді жанкүйерлер.

Әншіні жақтап, жұбайлық өмірде бақыт тілеген халықтың дені  Мөлдірдің таңдауы жақсы екенін айтады.

Кейбір жазылушылардың пікірінше, еркектің түрі маймылдан сəл əдемірек болса болғаны, ең маңыздысы оның мінезі, ары қарай əйелі мен балаларын бұл өмірде сыйлап, жақсы көріп, қадірлеп, асырап, бар жағдайын істеп отырғаны керек.

"Түрі жоқ деп айтуға ұят емес пе екен, ешнəрсесі жоқ, сүйкімді жігіт. Ең маңыздысы  - халқымыздың ерке қызы бақытты болсын. Ол бақытты болса халқын керемет əндерімен тербетеді", - деп сөз таластыруда ғаламтор қолданушылары бір-бірімен.

"Өзіме Мөлдірдің жұбайы ұнады. Көргенде бірден қазақтың нағыз батырлары елестеді. Нағыз азамат екені байқалып тұр. Жас жұбайлардың бақытты болуына тілектеспіз", - дейді кей жанкүйерлер.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/987505-moldir-auelbekova-aleumettik-zhelide/

pixel