Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

2015 жылы балалы болған қазақстандық жұлдыздар

Опубликовано:

2015 жыл отандық жұлдызды отбасылар үшін ерекше жыл ретінде есте қалары анық. Биыл көптеген әртістер өмірінде тұңғыш рет ата-ана атанды. NUR.KZ осы жылы балалы болған қазақстандық жұлдыздарды назарларыңызға ұсынады.

Нұрәлі Әлиев

Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың үлкен немересі Нұрәлі Әлиев биыл төртінші рет әке атанды. 30 жастағы Нұрәлінің шаңырағына ұл келді. Бұл елбасының төртінші шөбересі болып есептеледі.

Бекболат Тілеухан

Жыршы, қоғам қайраткері Бекболат Тілеухан биыл қызды болды. Танымал тұлғаның үш жұбайынан бірнеше баласы бар.

Мейрамбек Беспаев

"Мұзарт" тобының әншісі Мейрамбек Беспаев екінші рет әке атанып, әншінің көптен күткен ұлы дүниеге келді. Мейрамбектің тұңғышы - Кәусар есімді қызы бар.

Ақылбек Жеменей

«Каспий» тобының мүшесі болған, «Қызыл өрік» атты хит әннің орындаушысы Ақылбек Жеменейдің отбасы биыл тағы бір қызбен толықты. Ерлі-зайыптылардың дүние есігін жаңа ашқан нәрестесінен бөлек,  Алаш және Әмина атты балалары  бар.

Нұржан Керменбаев

Қазақтың "Қап-қарашкасы" Нұржан да биыл әке атанып, қуанышын тыңдармандарымен бөлісті. Әншінің шаңырағына ізбасар ұл келіп, Керменбаев баласына Мүсілім деген есім сыйлады.

Мирас пен Құралай

Танымал әртістер Мирас пен Құралайдың құтты шаңырағына да биыл сәби келді. Құралай төртінші баласын босанып, әріптестерінің ыстық ықыласына бөленді. Осы жылы қос әншінің отбасында қыз туылды.

Ринат Мальцагов

Superstar жұлдызы, жас әнші Ринат Мальцаговтың шаңырағында да биыл үлкен қуаныш орын алды. Әнші ер баланың әкесі атанды.

Айдай Исаева

2013 жылы Қазақстан аруы атанған 25 жастағы Айдай Исаева да биыл тұңғышын босанып, жан жарына шекесі торсықтай ұл сыйлады. Айдай нәрестенің түрін жанкүйерлеріне көрсетпесе де, бала күтіміне байланысты кеңестерімен бөлісіп отырады.

Айдана Меденова

"КешYou" тобының бұрынғы әншісі Айдана Меденова 2015 жылдың 22 наурызында шаңырақ көтеріп, осы жылы күзде қыз босанды. Бұл туралы әнші бойжеткен Instagram желісінде жариялады. Нәрестеге Әмина есімін берген ата-анасы сәбиін сырт көзге көрсетпейді.

Мұрат Мұтырғанов

Танымал әзілкеш Мұрат Мұтырғанов пен оның жары Олеся Мұтырғанова да осы жылы ата-ана атанды. Жұлдызды жұп ұлының есімін де, түрін де ұзақ уақыт бойы жұрт назарынан тыс ұстады. Кейіннен  Мұрат Мұтырғанов ұлының есімін Майкл Джексонның құрметіне атап қойғанын хабарлады.

Лидо

Лидо осы жылы үшінші рет ана болып, нәрестесін АҚШ-тың Лос-Анджелес штатында босанды. Бұл шетелде босанған әншінің екінші тәжірибесі. Ұлына Рамис деген есім сыйлаған әншінің бұдан өзге Риана және Рахман есімді балалары бар.

Ерлан Көкеев

Танымал әртіс Ерлан Көкеев төртінші рет әке атанды. 44 жастағы өнер иесінің тұңғыш ұлы дүние есігін ашты, бұдан басқа Көкеевтің Әйгерім, Рената және Сәтті есімді үш қызы бар.

Алмас Кішкенбаев

Алмас Кішкенбаев осы жылы екінші рет балалы болды. Әнші Instagram желісінде тағы бір қызы туылғанын қуана жариялаған болатын. Алмастың Зере есімді  үлкен қызы бар.

Карина Абдуллина

Танымал қазақстандық әнші Карина Абдуллина биыл өмірге ұл әкелді. Әнші тұңғышын  Монако князының құрметіне Альберт деп атады.

Иван Бреусов

Жұлдызды шаңырақ биыл тағы бір отбасы мүшесімен толықты. Иван Бреусов 2014 жылы Lila тобының әншісі Меруерт Асановаға үйленген болатын. Жас жұбайлардың бір қызы бар.

Мархаба Сәби

Жас әнші осы жылы тұңғыш рет ана атанып, дүниеге қыз әкелді. Оған әртіс Айқаракөз деген ерекше есім берген. Жүкті кезінде де Мархаба Сәби концерттерге қатысып, жаңа әндер жаздыртып жүрді.

Салтанат Бақаева

Екінші баласына аяғы ауырлағанын әнші Салтанат Бақаева жанкүйерлерінен еш жасырған жоқ. Қайта қызықты сәттерін қуана бөліскен бойжеткен жазда екінші ұлын босанды. Бүгінде Салтанат қос ұлын қатар тәрбиелеуде.

Әсем

33 жастағы қазақстандық этно-рок әншісі Әсем осы жылы тұңғыш рет ана болды. Ерлі-зайыптылар қызына Арифа есімін берген.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/999715-2015-zhyly-ata-ana-bolghan-qazaqstandyq-zhul/

pixel