jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұр Еркін
    Нұр Еркін
    Бұрынғы қызметкер

    "Екі-үш тойға қатарынан кіріп шығамыз": Дана Кентай гонорарының көлемін айтты

    Дана Кентай
    Дана Кентай. Фото: instagram.com/danakentai

    Әнші Дана Кентай той арасында екі ән айту үшін 200 мың теңгеден жоғары гонорар сұрайтынын айтты. "Қызықты weekend" бағдарламасында өнер иесі қыз ұзату үшін қанша ақы талап ететінін де баяндап берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    "Менің жұмыс күндерім жұма, сенбі, жексенбі күні болады. Ал дүйсенбі, сейсенбі күндері демаламын. Жұмысым түстен кейінгі уақытта басталады. Екі-үш тойға қатарынан кіріп шығамыз. Көбіне ұзату тойында "Қыз ұзату", "Бақытты жар" әнін сұрайды. Көбіне билейтін әндерін сұрайды.

    Ұзатуды халықтың сұранысы бойынша қатты қымбат қылмадық. Басында бүкіл тойды атқару үшін 1 млн теңге қылып бастадық. Қазір тек алыс жерлер болса ғана 1 млн теңге және одан жоғары болады. Себебі, менің көмекшім бар. Оның ұшағы, жататын жері бар. Ал қаланың ішінде ұзату керек болса, ән айту керек болса - 500 мың теңге. Ал тойдың арасында екі ән айту керек болса, 200 мыңнан жоғары кете береді", - деді Дана Кентай.

    "Екі-үш тойға қатарынан кіріп шығамыз": Дана Кентай гонорарының көлемін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.