RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Өнерге оралуға кеш емес": отандық танымал сериалда басты рөлде ойнаған актер Ұлттық ұлан сапына қосылды

Жарияланған күні:

Білімжан Тұрсынов
Білімжан Тұрсынов. Фото: "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Отандық "Патруль" сериалында басты рөлде ойнаған актерлердің бірі Білімжан Тұрсынов Ұлттық ұлан сапына қосылды. Қазіргі уақытта ол "Шығыс" өңірлік қолбасшылығына қарасты Өскемен қаласындағы 5518 әскери бөлімінде Отан алдындағы борышын өтеп жатыр, деп хабарлайды Altainews.kz.

Жетінші маусым Семей қаласында түсірілген сериалдың белді актеріне отандық режиссерлер киноға түсуге ұсыныс жасаған. Алайда Білімжан алдымен мерзімді әскери қызметті өтеуді жөн санаған.

"Ұлттық ұлан сапына қосылғаныма қуаныштымын. Әскери бөлімде өнердегі жолдастарымды да кездестірдім. Қазір жауынгерлік жасақ құрамында Өскемен қаласының қауіпсіздігін күзетемін. Отан алдындағы борышымды абыроймен өтеу – мен үшін басты міндет. Ал өнерге оралуға әлі де кеш емес. Жалпы, өзіме комедия жанрындағы фильмдерге түскен ұнайды", - дейді қатардағы жауынгер.

Білімжан Тұрсынов
Білімжан Тұрсынов. Фото: "Шығыс" өңірлік қолбасшылығының баспасөз қызметі

Білімжан әскерге дейін Абай атындағы Семей мемлекеттік қазақ музыкалық драма театрында актер болып қызмет атқарған. Ол "Сотанайдың соңғы үйленуі", "Әйел махаббаты" секілді спектакльдерде ойнаған.

Голливуд жұлдызы, әйгілі актер Джонни Деппті үлгі тұтатын Білімжан болашақта қазақ театры мен кино өнерінің жарық жұлдызы болуды мақсат тұтады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2228894-onerge-oraluga-kesh-emes-otandyq-tanymal-serialda-basty-rolde-oinagan-akter-ulttyq-ulan-sapyna-qosyldy/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif