RU
Шоубиз
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

"Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ": танымал актер "Шаншар" театрынан кетті (видео)

Жарияланған күні:

Нұржан Құлшынбаев
Нұржан Құлшынбаев. Видеодан кадр: ontustiktv/youtube.com

Танымал актер Нұржан Құлшынбаев өзі 28 жыл қызмет еткен "Шаншар" театрынан кетті. Бұл туралы актер Ońtústik телеарнасына берген сұқбатында айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

"Шаншар" театры арқылы халыққа танылған актер белгілі театрдан кетем деген ой болмағанын, сәті солай түскенін айтады.

Театр басшысы Уәлибек Әбдірайымов актердің бұл шешімін қолдап, батасын берген.

"Ағамызбен келісіп, ақылын тыңдап, батасын алдым. Бірге тумақ болса да, бірге жүрмек жоқ дейді ғой. Ағамыз өзіннің еншіңді берейін, тетарыңды ашасың ба, басқа салаға кетесің бе өзің біл, бірақ батамды берейін деді. Сол кісінің рұқсатымен, батасын алып шықтық. Арасында ақыл сұрап тұрамыз, кем-кетігімізді түзеп тұрады. Жалпы айтқанда тығыз байланыстамыз. "Шаншардан кеткеніммен" жүрегім сол жақта. Дегенмен өз тетарымызға қызмет етеміз", - дейді ол.

Қазіргі уақытта "Шаншар" театрынан еншісін алып шыққан актер "Нұржан Құлшынбаев театры" деп аталатын өзінің театрын ашықан. Айтуынша, театрда 8 әртіс жұмыс істейді. Олардың барлығы әзіл-сықақ және сатира театрының актерлері мен актрисалары.

Актермен болған сұқбаттың толық нұсқасын Ońtústik телеарнасының YouTube арнасынан көре аласыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2232189-birge-tumaq-bolsa-da-birge-zhurmek-zhoq-tanymal-akter-shanshar-teatrynan-ketti-video/

Жарияланымға реакцияңыз?

Мұнда әзірге ешкім пікір қалдырмады Тағы да оқыңыздар

Талқылауға қатысу немесе пікірлерге реакция қалдыру үшін профиліңізге кіріңіз.

jitsu gif