jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Бұл ғажайып жаз болады": әйгілі Дженнифер Лопес Қазақстанға келеді

    Дженнифер Лопес
    Дженнифер Лопес. Фото: Jason Armond / Los Angeles Times via Getty Images

    Атақты америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес тамыз айында Астанада концерт береді. Оның жазда өтетін концерттерінің кестесі жарияланды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Джей Лоның концерттеріне жауапты кеңсенің Instagram-дағы ресми парақшасында жарияланған мәліметке сүйенсек, әнші жазда Up All Night әлемдік турнесін өткізеді.

    Турне аясында Джей Ло 17 қалада концерт береді. Оның ішінде Астана да бар.

    Әншінің елордадағы концерті 1 тамызда "Астана Аренада" өтеді деп жоспарланған.

    "Барлық шетелдік жанкүйерім үшін осы жазда бірнеше шоу өткіземін. Саханаға оралып, сіздермен жүздесетін сәтті асыға күтудемін. Бұл ғажайып жаз болады", - деп жазды Джей Ло өзінің Instagram-дағы парақшасында.

    "Бұл ғажайып жаз болады": әйгілі Дженнифер Лопес Қазақстанға келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.