Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі сахнада жеке концертін өткізеді
Опубликовано:
Димаш Құдайберген Нью-Йорктегі әйгілі Madison Square Garden сахнасында жеке концертін береді. Ол – ТМД елдерінен осы сахнада өнер көрсететін алғашқы әнші, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Димаш Құдайберген Instagram желіcіндегі парақшасында "STRANGER" атты жеке концертін өткізетінін жариялады.
Өнер жұлдызының концерті 2025 жылдың 5 қазанында әйгілі Madison Square Garden сахнасында өтеді.
"Әр шығармасы неоклассикалық стилімен танымал қазақстандық әнші әрі композитор, мульти-аспапшы және продюсер Димаш Құдайберген Нью-Йоркте "Stranger" атты әлемдік турының арнайы бағдарламасын ұсынады.
2025 жылдың 5 қазанында Нью-Йоркте Madison Square Garden сарайында кездескенше", - делінген желідегі хабарландыруда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2268858-dimash-qudaibergen-niu-iorktegi-aigili-sahnada-zheke-kontsertin-otkizedi/