"Ninety one болмаса біз де болмайтын едік": танымал қазақ әншісі жаңа буын әншілері туралы ойын айтты
Опубликовано:
Ильхан Ихсан есімді жас әнші бүгінгі жас әншілердің дамуы, олардың беталысы мен қазіргі деңгейі туралы өзінің ойын ашық айтты. Әнші көптеген ел аалдында жүрген жас орындаушыларға жол ашқан Ninety one тобы екенін жеткізді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Ильхан AIQAP подкастына берген сұқбатында айтты.
"Ninety one тобы болмаса біз болмайтын едік. Біз дегенім мен, Sadraddin, Kalifarniya, Мирас та болмайтын едік. Қазақ әншілерінің көбі болмас еді. Біздің тіл арқылы әлемдік стандартқа сай ән салуға болатынын көрсетіп берген "91 тобы" менің ойымша. Көбі сөйтіп ойлайды. Расымен де солай. Ондай масштабтағы клип көрмедік, оларға дейін ондай әндерді естімедік. Рэпті поппен араластыруды білмедік. Бізде тек қана рэп не ән болды. Не орыс тілімен шұбарланған рэптер ғана бар еді", - деп мойындады әнші.
Сонымен бірге сұқбат барысында Ильхан Ихсан өзінің тегі туралы да көпшілік біле бермейтін сырын айтты.
"Туу туралы куәлігімде "Ихсанов" деп жазылған. Жеке куәлік алар кезде фамилиямнан "-ов"-ты, әкемнің атынан "-вичт"і алып тастадым, оның орнына "Аяпбергенұлы" дегенді жаздырдым. Бұл қадамға Бауыржан Момышұлының оқиғасы әсер етті. Ол кісі марапаттауға "Момышев" деп шақырғанда, "мен Момышев емеспін, Момышұлы деп шақырсаңдар ғана шығамын" деп шықпай қойғаны бар ғой",-деді Ильхан.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2269113-ninety-one-bolmasa-biz-de-bolmaityn-edik-tanymal-qazaq-anshisi-zhanga-buyn-anshileri-turaly-oiyn-aitty/