jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    25 мың көрермен жиналады: ұйымдастырушылар Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне ертерек келуді өтінді

    Дженнифер Лопес
    Дженнифер Лопес. Фото: Jason Armond / Los Angeles Times via Getty Images

    1 тамызда елордадағы "Астана Арена" стадионында өтетін Дженнифер Лопестің концертіне 25 мың көрермен келеді деп жоспарланған. Осыған орай ұйымдастырушылар мәлімдеме жасады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Концерт ұйымдастырушысы Мәлік Хасенов Instagram желісіндегі story бөлімінде Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне келушілерге үндеу жасады. Ол концертке ертерек келуді сұрады.

    "Бұл біздің осындай деңгейдегі алғашқы концертіміз екенін ескерсек, стадионға қай уақытта келу керек екені өзекті сұрақ. Егер 25 000 адам сағат 19:00-ге бір уақытта келсе, "Астана Аренаның" кіреберісі барлық көрерменнің жылдам өтуіне мүмкіндік бермейді. Сондықтан есік сағат 16:30-да ашылады. Әр көрерменнің кіру процесі уақыт алады, оны көрермендер санына көбейтсек – кемінде 3 сағат кетеді. Сондықтан ертерек келуді өтінемін", - деп жазды Мәлік Хасенов.

    Еске сала кетейік, бұған дейін елорда әкімдігінің өкілдері 1 тамызда өтетін Дженнифер Лопестің концерті кезінде "Астана Арена" маңында көлік қозғалысына уақытша шектеу қойылатынын хабарлаған еді.

    Скриншот
    Мәлік Хасеновтың Instagram желісіндегі жазбасы. Скриншот: KAZ.NUR.KZ

    25 мың көрермен жиналады: ұйымдастырушылар Дженнифер Лопестің Астанадағы концертіне ертерек келуді өтінді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.