jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Дженнифер Лопес Астанаға келді (видео)

    Дженнифер Лопес
    Дженнифер Лопес Астанаға келді. Видеодан кадр: t.me/nqzairport

    Әлемдік эстрада жұлдызы Дженнифер Лопес Қазақстан астанасына келді. Кадрларды елорда әуежайының баспасөз қызметі жариялады, деп хабарлайды әуе айлағына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Шамамен сағат 03:30-да Нұрсұлтан Назарбаев халықаралық әуежайы Дженнифер Лопес мінген рейсті қабылдады.

    Әнші елордаға концерт беру үшін келді.

    "Сізге сәтті өнер көрсетіп, Астанада уақытыңызды көңілді өткізуіңізді тілейміз", - делінген видеомен бірге берілген жазбада.

    Еске сала кетейік, бүгін Астанада Дженнифер Лопестің концерті өтеді.

    Концертке байланысты "Астана Арена" стадионы аумағында – "Алау" мұз айдыны сарайы мен "Сарыарқа" велотрегі жағынан көлік қозғалысы уақытша шектелетінін еске саламыз. Әкімдік мұны қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, шара қонақтарының ыңғайлы жүріп-тұруын қамтамасыз ету үшін қажет деп түсіндірді.

    Ал көрермендерге ыңғайлы болу үшін қалада бес жерден "Астана Арена" стадионына дейін және кері бағытта жүретін арнайы автобустар қатынайды.

    Дженнифер Лопес Астанаға келді (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.