jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Біз оралдық, Қазақстан": Джей Ло командасы Алматыға келді

    Джей Ло
    Дженнифер Лопес. Фото: Ricardo Rubio/Europa Press via Getty Images

    Дженнифер Лопес командасындағы әртістер желіде фото-видео жариялап, Алматыға келгенінен хабар берді, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Әртістер Instagram желісіндегі аккаунттарында сторис жариялады. Мысалы Лопестің бэк-вокалисі Шэрон Янгблад желідегі оқырманынан кеңес сұрады.

    "Қазақстан! Біз бүгін қайтып келдік. Бүгін және ертең Алматыда боламыз. Сондықтан қалада не істеуге болады, қай жерге баруға, не көруге болатыны туралы кеңес беріңіздерші. Алматыда қандай қызық оқиғалар болып жатыр" - деп сұрады ол.

    Дженнифер Лопес командасының тағы бір мүшесі Ханна Маргесон өз сторисінде жеміс салынған ыдысын көрсетіп, "Біз оралдық, Қазақстан!" деп жазды.

    Тағы бір топ мүшесі Дэйв Кабрера қонақ үйдегі бөлмесінің терезесінен тау көрінісін көрсетті.

    Естеріңізге сала кетейік, Дженнифер Лопестің Алматыдағы концерті 10 тамызда өтеді.

    "Біз оралдық, Қазақстан": Джей Ло командасы Алматыға келді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.