jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бақытты": Дженнифер Лопестің мойнына шығып алған шегірткені желі қолданушылары әзілге айналдырды

    Джей Ло
    Джей Лоның Алматыдағы концертінен кадр: instagram.com/archibaaalt

    Алматыдағы Дженнифер Лопестің концертінде күтпеген оқиға болды, сахнада тұрған әншінің мойнына шегіртке шығып алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әншінің мойынына шыққан жәндіктің видеосы Instagram желісінде жарияланды. Кадрдан Джей Лоны видеоға жақыннан түсіріп жатқан сәтте әншінің мойнына үлкен шегірткенің қонғанын көруге болады – қызықты жайт Орталық стадионның үлкен экранынан көрінді.

    Алайда әнші жәндікті қолымен алып тастап, әнін жалғастыра берді. Желі қолданушылары бұл жағдайды қалжыңға айналдырды.

    "Джей Лоның концертіне шегіртке де барды, мен бармадым", "Концерттің билетін сатып алдың, ал ол тегін барды", "Бақытты шегіртке", "Билетсіз кірді – 100 пайыз", "Міне, VIP орыннан билет алған осы", - деп жазды желі қолданушылары.

    Кейбірі Дженнифер Лопестің кәсібилігіне ерекше тәнті болған.

    "Мен армандаған кәсібилік деңгейі. Ханым", "Мықты екен - сасқан жоқ", "Кәсіби әнші - ол нотаны соңына дейін созды", - деп пікір қалдырды желідегілер.

    "Бақытты": Дженнифер Лопестің мойнына шығып алған шегірткені желі қолданушылары әзілге айналдырды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.