jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Қазақстан мен Қытай бірігіп елордада халықаралық музыкалық байқау өткізбек

    Микрофон
    Микрофон. Көрнекі сурет: pixabay.com

    Биыл қарашада Астанада Азия мемлекеттері арасында алғаш рет Silk Way Star атты халықаралық музыкалық байқау өтеді. Жоба аясында Азияның 12 елінен талантты орындаушылар бақ сынайды. Бұл туралы Jibek Joly телеарнасындағы "Бүгін LIVE" бағдарламасында жобаның атқарушы продюсері Мұқағали Қуатұлы мен шеф-редакторы Қасымхан Алдашев мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Байқау Қазақстан президентінің телерадиокешені мен Қытайдың CMG медиакорпорациясы арасындағы ынтымақтастық аясында ұйымдастырылады. Жоба Қытайдың орталық телеарналарында 105 минуттан тұратын 10 эпизод түрінде көрсетілмек.

    "Жобаны Астанада өткізуіміздің басты себебі – елорданы шетелдік қатысушыларға көрсету. Қатысушылар 12 елден іріктелді. Іріктеу процесі сол мемлекеттердегі Қазақстан елшіліктері және сол елдердің мәдениет басқармалары арқылы жүргізілді. Жалпы саны 80-ге жуық өтінім келіп түсті. Соның ішінен өз өңірлерінде белгілі белеске жеткен әншілер таңдап алынды. Іс-шара тек вокалдық шеберлікті ғана емес, сахналық өнер мен артистизмді қажет ететін байқау. Осыны ескере отырып, Қазақстан атынан Alem лақап атымен танылған Батырхан Мәлікті таңдадық. Ол – соңғы жылдары ел ішінде жарқырай танылған дарынды орындаушы", - деді Мұқағали Қуатұлы.

    Жобаның басты ерекшелігі – бұл қарапайым ән байқауы емес, мәдени алмасу алаңы.

    "Әр елден бір-бірден жалпы 12 қазылар алқасы жұмыс істейді. Олар — өз мемлекеттерінде танымал әншілер, продюсерлер және мәдениет саласына еңбегі сіңген мамандар”, - Қасымхан Алдашев.

    Қазақстан мен Қытай бірігіп елордада халықаралық музыкалық байқау өткізбек

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.