jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Алматыда әнші Макс Корждың концерті тағы да өтпейтін болды

    Макс Корж призывает людей прекратить протесты
    Макс Корж. Фото: instagram.com/maxkorzhmus

    Танымал әнші Макс Корждың 6 қыркүйекке жоспарланған үлкен концерті тағы да өтпейтін болды. Шоу-бизнес жұлдызы Алматыдағы Орталық стадионда өнер көрсетпек болған, деп спорт құрылыстары дирекциясының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Алматы қаласының спорт құрылыстары дирекциясының хабарлауынша, концерт рұқсат қағаздарының толық болмауына байланысты өтпейтін болған.

    "Концертке дейін санаулы күндер қалды. Алайда мұндай масштабтағы шараларға дайындық үшін Орталық стадионға шамамен 10-20 күн қажет. Бүгінгі күнге дейін дирекцияға келісімшартқа негіз болатын, қажетті құжаттар ұсынылмады”, - делінген ресми мәлімдемеде.

    Дирекция өкілдері үздіксіз өтетін концерттік шаралар аренаның көгалына кері әсерін тигізіп, футбол матчтарын өткізуге кедергісін келтіретінін жеткізді.

    Алдағы уақытта бұл алаңда маңызды ойындар өтпек. Оның арасында “Қайрат” командасының Чемпиондар лигасындағы топтық кезеңіндегі матчтары да бар.

    Айта кетейік, Макс Корждың Алматыдағы концерті осымен екінші рет өткізілмейтін болды. Бұған дейін 2024 жылы әншінің Орталық стадиондағы тағы бір концерті өтуі тиіс еді. Алайда масштабты шоу футбол матчтарымен тұспа-тұс келіп қалғаннан кейін өтпей қалған.

    Алматыда әнші Макс Корждың концерті тағы да өтпейтін болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.