jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    "Бірінші рет келіп тұрмыз": Backstreet Boys тобының солисі Қазақстаннан алған алғашқы әсерін айтты

    Backstreet Boys
    Александр Джеймс Маклин. Фото: instagram.com/aj_mclean

    Backstreet Boys тобының мүшесі Александр Джеймс Маклин Instagram-дағы парақшасында Қазақстанға алғаш рет келгенін және бұл сапары ұмытылмас әсер қалдырады деп сенетінін айтты, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Музыкант желідегі оқырманына торис арқылы шығып, Қазақстанда ешқашан болмағанын мойындаған.

    "Біз діттеген жерімізге жеттік. 32 жыл ішінде әлемнің әр түкпірінде болдық деп ойлауыңыз мүмкін. Бірақ олай емес, Қазақстанға бірінші рет келіп тұрмыз және біз осында болғанымызға өте қуаныштымыз. Біз елді зерттеп, тамаша адамдармен кездесуді және екі керемет концертімізді беруді асыға күтіп жүрміз", - деді AJ.

    Ол концертте көрерменге ұмытылмас әсер сыйлайтынын айтты.

    "Сабырлық танытып, күткендеріңіз үшін рақмет. Біз бұл мүмкіндікті қалай да жіберіп алмас едік, сол үшін біз өте қуаныштымыз. Өзімізді шынайы бақытты сезінеміз. Бізді құшақ жая қарсы алғандарыңыз үшін рақмет. Кешкі кездесуді асыға күтеміз — бұл ұмытылмас оқиға болмақ", - деді Алекс.

    "Бірінші рет келіп тұрмыз": Backstreet Boys тобының солисі Қазақстаннан алған алғашқы әсерін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.