jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Димаш Құдайбергенді Нью-Йорк әуежайында жанкүйері жылы қарсы алды (видео)

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Видеодан кадр: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Қазақстанның халық әртісі әрі әнші Димаш Құдайберген Нью-Йоркке жеке концертіне ұшып барды. Жанкүйері оны әуежайда жылы қарсы алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    5 қазанда Димаш Нью-Йорк қаласындағы Madison Square Garden аренасында Stranger атты жеке концертін береді. Тыңдарманы әртісті Нью-Йорк қаласындағы Кеннеди халықаралық әуежайынан жылы қарсы алды.

    Кездесу кезінде түсірілген видео Димаштың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды. Сүйікті әншіні гүл шоқтарымен, сыйлықтармен, плакаттармен қарсы алуға келген жанкүйер оның қолтаңбасын алып, қуанып қалды. Димашты әуежайдан қарсы алуға оның ең кішкентай жанкүйері де келген.

    "Жылы қарсы алғандарыңызға рақмет", - деп жазды Димаш.

    "Арамызда не бар? Мұхит пен беймәлімнен басқа. Сіздің дауысыңыз! Мен керемет шоуды асыға күтемін", "Нью-Йорк әуежайы осы кеште Димашқа деген теңіздей махаббаттың куәсі болды", "Бұл кадрлар Димашты тыңдарманы қаншалықты жақсы көретінінің және күтетінінің дәлелі, ол шаршағанына қарамастан, бізді қуанышқа бөледі", "Бүкіл әлем кумирімен кездесуге дайындалуда! Нью-Йоркте тамаша концерт!", - деп жазды желіде пікір қалдырғандар.

    Димаш Құдайбергенді Нью-Йорк әуежайында жанкүйері жылы қарсы алды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.