Джей Ло танымал шоуда Алматыдағы концертінде мойнына шегіртке қонған сәт туралы айтып берді (видео)
Опубликовано:
Читать на русском
Әйгілі америкалық әнші әрі актриса Дженнифер Лопес әзілкеш Джимми Фэллон жүргізетін танымал шоудың қонағы болып, Алматыда өткен концертіндегі қызық жағдайды есіне алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бағдарламадан үзінді The Tonight Show-дың Instagram желісіндегі парақшасында жарияланды.
Видеода бұған дейін әлеуметтік желіде кең тараған Джей Ло-ның Алматыдағы концертінен үзінді көрсетіледі. Кадрда әнші мойнына қонған шегірткені алып тастап, әнін жалғастыра береді.
Дженнифер Лопес дәл сол сәтте қандай сезімді бастан кешкенін айтып берді. Әнші бастапқыда мойнына қонған жәндіктің шегіртке екенін білмеген.
"Үстімде бірнәрсе жүргенін сездім. Бірақ бұл айналада ұшып жүрген қоңыздар деп ойладым, себебі жарық түскенде оларды байқаған едім. Бірақ мұқият қарасаңыз, оның денеме өрмелеп шыққанын байқауға болады.
Мойныма жеткен кезде әнімді аяқтап қалған едім. Кішкентай аяқтарын сездім. Не де болса әнімді аяқтайын деп ойладым.
Оны мойнымнан алып тастаған кезде ұшып бара жатқанын байқадым. Ол маған тікұшақ сияқты үлкен көрінді", - деп есіне алды әнші.
Айта кетелік, әйгілі поп-жұлдыздың Алматыдағы концерті биыл 10 тамызда өткен еді. Кейін сахнада ән айтып тұрған әншінің мойнына шегіртке қонған сәттің видеосы кең таралып, қызу талқыға түскен болатын.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2294938-dzhei-lo-tanymal-shouda-almatydagy-kontsertinde-moinyna-shegirtke-qongan-sat-turaly-aityp-berdi-video/