jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Баян Мақсатқызы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды (фото)

    Баян Алагөзова
    Баян Мақсатқызы. Фото: instagram.com/bayanmaxatkyzy

    Танымал қазақстандық продюсер әрі актриса Баян Алагөзова Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды. Ол марапат алғанын Instagram желісінде мәлім етті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    "Достар! Баршаңызды келе жатқан Республика күнімен құттықтаймын! Бүгін анамның арманы орындалды, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері атандым!

    "Мен бұл мәртебелі марапатты Мәдениет және ақпарат министрі Аида Ғалымқызы Балаеваның қолынан алдым. Бұл үлкен құрмет және үлкен жауапкершілік! Отаныма қызмет етемін", - деп жазды Баян Мақсатқызы желідегі парақшасында төсбелгісі мен куәлігін көрсетіп түскен суретін жариялап.

    "Алақай! Осы күнге де жеттіңіз!", "Құттықтаймын!", "Құттықтаймын, Баян! Бұған лайықсың бұрыннан!", "Құттықтаймын! Лайықсың! Өзіңмен мақтанамыз!", "Сіз үздіксіз!", "Біздің мотиваторымызсыз!", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары. Олардың қатарында продюсерді мемлекеттік наградасымен құттықтаған шоу-бизнес өкілдері де бар.

    Баян Мақсатқызы Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері атанды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.