jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    Димаш Құдайберген Лондондағы концертінен кейін көліктің үстіне шығып қолтаңба таратты (видео)

    Лондондағы концерттен кейін
    Димаштың лондондық жанкүйері. Видеодан кадр: instagram.com/kudaibergenov.dimash

    Димаш Құдайберген Лондонда Stranger атты жеке концертін берді. Жанкүйері оны концерттен кейін жібергісі келмей, ол тұрған қонақүйдің сыртында күтіп тұрған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Димаш Instagram парақшасында видео жариялады. Оны әншінің інісі түсірген.

    "Рақмет, Лондон. Бұл видео біз тұрған қонақүйдің алдында концерттен кейін түсірілді. Барлығына алғыс айту үшін көліктің үстіне шығуға тура келді. Мен сіздерді жақсы көремін. Ертең Берлинде кездескенше. Керемет видео үшін рақмет, Мансұр", - деп жазды Димаш.

    Көліктің үстінде отырған Димаш жиналғандарды ренжітпеуге тырысып, қолтаңба беріп, селфи жасады. Жанкүйері оның әнін шырқады.

    "Капоттағы шоу сияқты. Мансұр керемет видео түсіріпті! Жарайсың! Ертеңгі күніңе сәттілік", - деп пікір қалдырды желі қолданушылары видеоға.

    Димаш Құдайберген Лондондағы концертінен кейін көліктің үстіне шығып қолтаңба таратты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.