jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Малика Хадид
    Малика Хадид
    Бұрынғы қызметкер

    Димаш Құдайберген туралы "Шексіз музыка" атты кітап жарыққа шықты

    Димаш Құдайберген
    Димаш Құдайберген. Фото: dimashnews.com

    Ғажайып дауысымен қазақ атын күллі әлемге танытып жүрген Димаш Құдайбергеннің өнер жолына арналған жаңа айрықша басылым "Димаш Құдайберген: Шексіз музыка" атты кітап-альбом оқырмандар назарына ұсынылды. Бұл туралы Dimashnews.com сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Көлемі 289 беттен тұратын альбомға Димаштың архивтік фотосуреттері, концерттерден алынған материалдар, сондай-ақ орындаушының жеке естеліктері мен түсіндірмелері енгізілген. Бұл деректер оқырманға әртістің кәсіби дамуын кезең-кезеңімен бақылап, бұрын жарияланбаған шығармашылық сәттерімен танысуға мүмкіндік бермек.

    "Кітап құрылымы музыканттың өмір жолы мен кәсіби өсуіндегі негізгі кезеңдерді сипаттайтын тақырыптық бөлімдерден тұрады. Онда орындаушының халықаралық деңгейде танылуы, оның отбасы мен өнерпаздық бастаулары, әлемнің аса ірі концерттік алаңдарындағы өнер көрсетуі, мәдени жобаларға қатысуы, тыңдармандарымен байланысы және шығармашылық жолы туралы тараулар қамтылған. Сонымен қатар басылымда сахна сыртындағы жұмыс үдерісі мен маңызды оқиғалардың хронологиясына арналған арнайы бөлімдер берілген", - делінген материалда.

    Басылым қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылғандықтан, әртүрлі аудиторияға қолжетімді әрі қазақстандық мәдениеттің кеңінен таныстырылуына септігін тигізеді.

    Димаш Құдайберген туралы "Шексіз музыка" атты кітап жарыққа шықты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.