jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Гүлмира Ерубаева
    Гүлмира Ерубаева
    Контент-ресечер

    "Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталды (фото)

    Аида Балаева және Иманбек Зейкенов
    Аида Балаева және Иманбек Зейкенов. Фото: Мәдениет және ақпарат министрлігі

    "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкеновке "Құрмет ордені" табысталды. Бұл туралы Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ.

    Мемлекет басшысының жарлығымен Республика күніне орай елдің экономикалық және қоғамдық өмірінің түрлі салаларын дамытуға елеулі үлес қосқан бірқатар азамат марапатталған еді.

    Аида Балаеваның айтуынша, олардың кейбірі марапат табысталар сәтте елімізден тыс жерде болғандықтан, наградаларын уақытында ала алмаған.

    "Бүгін осы құрметті наградаларды өз отандастарымызға табыстау мен үшін айрықша мәртебе болды.

    "Құрмет" орденімен Конфессияаралық және дінаралық диалогтың халықаралық орталығы жанындағы Съездің бастамаларын іске асыру департаментінің бұрынғы басшысы Қарлығаш Қалилаханова және "Грэмми" жүлдесін алған тұңғыш қазақстандық музыкант Иманбек Зейкенов марапатталды", - деп жазды Аида Балаева Facebook-тегі парақшасында.

    Ал актер Еркебұлан Тоқтар "Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері" атағына ие болған.

    "Баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Игілікті жолдағы қажырлы еңбектеріңіз үшін алғыс білдіремін", - деді Мәдениет және ақпарат министрі.

    "Грэмми" сыйлығының иегері Иманбек Зейкенов "Құрмет" орденімен марапатталды (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.