jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Жұлдыз Кенжегалиева
    Қазақ редакциясының басшысы

    Меладзе Алматыда сахнаға дәстүрлі қазақ шапанын киіп шықты (видео)

    Валерий Меладзе
    Валерий Меладзе. Фото: instagram.com/vvmmeladze

    60 жастағы ресейлік әнші Валерий Меладзе Алматыда бірден үш концерт берді. Оның өнер көрсеткен сәтінен видеоларды тыңдармандары әлеуметтік желіде бөлісіп жатыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Әнші 3 желтоқсанда Астанада, ал 5, 6, 8 желтоқсанда Алматыда өнер көрсетті. Тыңдармандары елордада 10 және 11 желтоқсанда өтетін тағы екі концертті асыға күтіп отыр. Оның конецерттеріне билеттер түгел сатылып кеткен.

    "Валерий Меладзенің Алматыдағы үш концерттен құралған марафоны аяқталды. Бұл жанға жылу сыйлайтын әрі таңғаларлық кеш болды! Келесі кездескенше", - делінген желіде тараған видеода.

    Желі қолданушылары Меладзенің дәстүрлі қазақ шапанын киіп шыққан сәтінен суреттерді де бөлісті. Әнші шапанды бір күн бұрын Алматыда өткен концертте киген.

    "Валерий сахнаға шапанмен шықты және бұл әрекеті арқылы өзінің үлкен ризашылығын: құрмет, сенім мен бауырластық сезімін білдірді.

    Оның бұлай көптің алдына шығуы оны жылдан жылға сүйіспеншілікпен, жылылықпен және қонақжайлықпен қарсы алатын халыққа және дәстүріне деген құрметтің шынайы көрінісі болды", - делінген видео сипаттамасында.

    Меладзе Алматыда сахнаға дәстүрлі қазақ шапанын киіп шықты (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.