Қазақстандық әнші Amre ресейлік шоудың финалына өтті
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстандық өнерпаз, Amre деген атпен танымал Ернар Садырбаев ресейлік НТВ телеарнасындағы "Браво! Бис!" шоуында таңғажайып өнер көрсетіп, қазылар алқасының жоғары бағасына ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Шоудың жартылай финалында Ернар Cадырбаев Муслим Магомаевтың репертуарынан "Твои следы" әнін орындады.
"Мен қазақтың баласы. Әлемдегі аумағы бойынша бірінші орында тұрған елдің, таңдаулы, ең мықты вокалисттерімен жарысудамын.
Кеше жартылай финал өтті, финалға жолдама алдым.
Осы жобада мені қолдаған қазылар алқасына, жоба әкімшілігіне алғысым шексіз", - деп жазды Amre.
Жартылай финалға шыққан 10 қатысушының бесеуі финалға шықты. Олар бас жүлдеге тігілген 5 млн рубль (шамамен 32 600 000 теңге – редактордың ескертпесі) үшін бақ сынасады.
"Керемет", "Маған сенің тембрің ұнайды", "Браво! Сәттілік пен табыс тілеймін!", "Ернар – өте сұлу және талантты! Мен сені қолдаймын! Мен де Лера сияқты Қазақстанда туып-өстім!" - деп пікір қалдырған желі қолданушылары бейнежазбаның астына.
Қазылар алқасы да Ернардың кәсіби деңгейде, өте әсерлі өнер көрсеткеніне риза болды. Олардың барлығы өнерпазға жоғары баға берді. Ернар бейнежазбаны Instagram желісіндегі парақшасына жариялады.
"Сіз бәрімізді қарусыз қалдырдыңыз. Бірдеңе деудің өзі артық. Шебер орындайсыз, таңғажайып әншісіз. Шоуымызды жаңа деңгейге көтердіңіз. Бүгін сіз бізбен бірге болғаныңызға қатты қуаныштымын", - деп атап өтті Александр Панайотов.
Композитор Игорь Николаев та мақтау сөздерін аямады.
"Біз сіздің талантыңыздың іздерін және орындаған әніңізге деген ерекше құрметті анық байқадық", - деді Игорь Николаев.
"Сіз керемет өнер көрсеттіңіз. Тамаша диапазон, тембр – бәрі мінсіз. Болашағыңыз зор деп ойлаймын. Сізді "Новая волна-ға" шақырамын", - деді маэстро Игорь Крутой.
Валерия Ернардың өнері жүрегіне жол тапқанын атап өтті.
"Ернар, қандай кереметсіз. Маған қатты ұнағаны – өз қолтаңбаңызды өте, өте нәзік етіп қосқаныңыз. Және бұл шынымен де керемет болды!", - деді ол.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2323804-qazaqstandyq-anshi-amre-reseilik-shoudyng-finalyna-otti/