Әнші Amre ресейлік шоуда жүлделі орын алды
Опубликовано:
Читать на русском
Қазақстандық өнерпаз, Amre деген атпен танымал Ернар Садырбаев НТВ арнасындағы ресейлік "Браво! Бис!" шоуының финалында өнер көрсетіп, үздіктер қатарынан көрінді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Ернар Instagram желісіндегі парақшасында сахнада ән айтып тұрған сәтінен видео жариялады. Финалда ол Игорь Крутойдың "Буду я любить" әнін орындады.
"Мен маэстро Игорь Крутойдың әнін осылай бейнелегім келді. Мен осы жолы халқымның қолдауын ерекше сезіндім. Рақмет", - деп жазды Ернар.
"Браво! Әнді осылай орындау керек", "Талант!", "Мелизматика патшасы, дауысында жаны бар әнші", "Әнді неге соншалықты әдемі айтасыз?", "Мәскеудегі жеке концертіңіз қашан? Қазақ және орыс тілдеріндегі хиттеріңізбен? Билетті бірінші болып сатып аламын", - деп пікір қалдырған желі қолданушылары.
24СМИ мәліметінше, суперфиналға бес қатысушы өтті, оның ішінде Ернар Садырбаев та бар. Қазылар алқасы ұпайларды есептеп, үздік үштікті атады.
Осылайша, Яна Габбасова үшінші, Ернар екінші, ал Вадим Азарх бірінші орын алды. Шоудың бірінші маусымының жеңімпазына кубок пен 5 млн рубльге тең сертификат табысталды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2326520-anshi-amre-reseilik-shouda-zhuldeli-oryn-aldy/