"Осы күнді 10 жыл күттім": белгілі әзілкеш "Елдос Колобок" ұлына бесік той жасады (видео)
Опубликовано:
Жуырда әке атанған әзілкеш Елдос Қадырханов ұлы Әлемнің бесік тойын жасады. Бұл туралы оның Instagram парақшасынан белгілі болды, деп жазады KAZ.NUR.KZ.
Блогер мен оның жұбайы Таразда дүбірлі той жасап, жақындарын мен жанашырларын шақырған.
"Осы күнді 10 жыл күттім. Аллаға шүкір осы күнге жеттік! Баршаңызға мың алғыс! Құттықтауларыңызға рахмет!", - деп жазды Елдос Қадырханов.
Еске салсақ, 12 қарашада "Елдос Колобок" лақап атымен танымал блогер, әзілкеш әрі асаба Елдос Қадырханов әке атанғанын жазған едік. Сүйінші жаңалығын ол Instagram желісінде жариялаған.
Айта кетейік, ерлі-зайыпты блогерлер Елдос пен Таңшолпан тоғыз жылдан бері сәби сүйе алмай жүрген еді. Биыл жазда танымал отбасы сүйінші жаңалығын жария етіп, гендер-пати жасаған.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/showbiz/career/2334126-osy-kundi-10-zhyl-kuttim-belgili-azilkesh-eldos-kolobok-ulyna-besik-toi-zhasady-video/